|
Саудия Швейцариядағы аса ірі екі банктің бірінің акциясын құлдыратып кетті
|
Швейцариядағы активтер мөлшері бойынша екінші орында тұрған аса ірі Credit Suisse банкі өзінің қосымша акциялар пакетінен шығып кеткен аса ірі акционерінен – Саудияның ұлттық банкінен айырылды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудиялықтардың бұл қадамы өз кезегінде швейцариялық қаржы несие конглометрінің баға белгілеу саясатына үлкен соққы болды. Дәлірегі, аталмыш қаржы мекемесінің акциялар бағасы 25%-дан аса құнсызданып кетті. Осының аясында BNP Paribas, Deutsche Bank, Société Générale, Grupo Santander, Crédit Agricole, UBS, UniCredit және басқалардың бағалы қағаздары құлдырады. Бұл жайт еуропалық банктерден тұратын негізгі Euro Stoxx Banks индексін жыл басынан бері 7%-ға төмендетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)