Санкция Ресейдің қорғаныс қабілетіне қалай әсер етті
Санкция Ресейдің қорғаныс қабілетіне қалай әсер етті
6 жыл бұрын 4746 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2027 жылға қарай Ресей Федерациясы өз шекарасын қарсыластарынан қорғап қоймай, шетелде шағын әскери опреациялар жүргізе алатын болады. Алайда, аса ірі қарсыластарының алдында дәрменсіз болып қалады. Ұлыбританиядағы королдіктің халықаралық қатынастар институтының ғылыми қызметкерлері Ричарда Коннолли және Матье Булеге осындай тұжырым жасапты. Бұл жайында The National Interest ақпарат көзі хабар таратты. Егер аталған ақпарат көзі келтірген дерекке сенсек, Ресейдің санкция астында қалған қазіргі жағдайы мен қарулы күштеріне артық шығын жұмсауға жағдайы келмейтінін ескерсек,  жаппай қарулануға Ресей құлшына қоймайды. 2018-2027 жылдарға арналған мемлекетік қару-жарақ бағдарламасы аясында Ресейдің қарулы күштері жаңа қару түрлерімен толықпайды, есесіне, бұрынғы кеңес одағы кезінен қалған әскери техникаларды жетілдіру есебінен дамитын болады. Мысалы, "Армат" платформасы негізінде жасалған Т-90 танкісі -  Т-14, сондай-ақ, Су-20 жойғыш ұшағының төртінші буынының негізінде - Су-57 жойғыш ұшағының бесінші буыны және «Варшавянка» дизелді-электрлі суасты кемесінің негізінде - «Ясень» суасты атом кемесі. С-400 зенитті зымыран кешені де, «Искандер» жедел тактикалық зымыран кешені де жетілдіріледі. The National Interest-тің пайымдауынша, ресейлік қорғаныс өнеркәсібі ұзақ мерзімді перспективасында мынадай қиындықтарға жолығады: атап айтқанда және ішінара алғанда, өндірістік мүмкіндіктерді жетілдіруге қабілетсіз болмақ, әскери мақсаттағы зерттеу жұмыстары бәсеңдейді, сондай-ақ, құрылымдық кем-кетік, соның ішінде, еңбек өнімділігінің  және сапаны бақылау тетіктерінің төмендеуі орын алады. Технологиялық қиындықтардан бөлек қарулы күштерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға сыртқы факторлар, дәлірегі, батыс елдері салған санкция бөгет жасайды. Ресейліктер, әсіресе, стратегиялық маңызы бар қару түрлерінен кемдік көрмек. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталмыш бағдарламаға РФ билігі 20 трлн рубл қаржы бөліп отыр. Аталмыш бағдарламада ескі қару-жарақты жаңа әскери техникамен ауыстыруға басымдық берілген. 

0 пікір
Мұрағат