Сән индустриясы климат дағдарысын тереңдетуде
Сән индустриясы климат дағдарысын тереңдетуде
5 ай бұрын 717 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: paralel.az

Сән индустриясы өз алдына бөлек әлем. Алайда, бұл индустрия да қоршаған ортаны ластаушы қазбалы отын өндірісімен байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы asiaplustj.info ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пластмасса мұнай мен газдан жасалады. Полиэстер - матаға тоқылған пластикалық жіп. Қазіргі уақытта шығарылатын киімнің жартысынан көбі полиэстер сияқты синтетикалық материалдарды пайдаланады. Бұл материалдар қайта өңдеуге келмейтіндіктен сән индустриясы полиэфирге шексіз сұранысқа ие. Ал мұнай компаниялары бұл сұранысты тиімді пайдаланып отыр. Осыған байланысты сән индустриясы атмосфераға бөлінетін барлық жаһандық көмірқышқыл газы (CO2) мөлшерінің 8-10%-ын құрайды (жылына 4-5 миллиард тонна). Атомосфераға бөлінетін парникті газдар полиэстерге сұраныспен бірге өседі. Осылайша, синтетикалық маталар климат дағдарысының тереңдеуіне өз үлесін қосып отыр. Полиэстердің негізі пластик болғандықтан, оның тозып жоғалуына бірнеше ондаған жыл кетеді. Мұндай киімдерді полигондарда ыдырату үшін қалдырғанда пластикалық микроталшықтар мен қауіпті химиялық заттарды ауаны, топырақты және суды ластайды. Жыл сайын синтетикалық тоқыма бұйымдарынан (полиэстер, нейлон немесе акрил) жасалған киімдерді жуу кезінде шамамен жарты миллион тонна пластикалық микроталшықтар мұхитқа түседі. Бұл көрсеткіш 50 миллиард пластик шөлмекке ​​тең. Бұл пластикалық талшықтар қоршаған ортаны ластап қана қоймайды, сонымен қатар, олар біздің ас-су арқылы организмге еніп, денсаулыққа зиянды әсер етеді. Кейбір есеп бойынша сән индустриясы жылына 100 миллиард киім шығарады - сатып алуға және киюге болатыннан шамамен 50%-ға артық. Сарапшылар жыл сайын 92 миллион тоннаға жуық киім-кешектің қайда кететінін зерттеген екен. Жақында жүргізілген тергеу-тексеру барысында Еуропаның құрамында пластик талшықтары бар 37 миллион киімді кәдеге жаратып, Кенияға жөнетілені анықталды. Тек 2019 жылдың өзінде мұнда 185 мың тонна ескі киім әкелінді. Оның үстіне қолдан жасалған киімдердің 30-40 пайызы сапасыз болғандықтан сатылмайды.

0 пікір
Мұрағат