Сәбиінің жүрегін донорлыққа берген әйел оның дүрсілін естіді (фото+видео)
Сәбиінің жүрегін донорлыққа берген әйел оның дүрсілін естіді (фото+видео)
9 жыл бұрын 3152 24.kz

Аризона штатында болған осы бір оқиға ешкімді бей-жәй қалдырмайды. Оқиға 2013 жылы болған. Сол кезде Кларк атты әйел 7 айлығында шетінеген ұлы Лукастың жүрегін донорлыққа берген. Сөйтсе, бұл органды дәрігерлер Эстер Гонсалестің қызы Джордан Дрейкке операция арқылы салып берген екен. Ал жуырда Кларк осы қызды іздеп тауып алып, оның кеудесіндегі өз ұлының жүрек дүрсілін стетоскоппен тыңдап көрді. Өз бақытына өзі сенбеген ана тек: «Дүрсілі қандай күшті», деп айта берді. Оның айтуынша, көзі тірісінде Лукас тынымсыз, ширақ, көп қозғалатын болыпты. Жүрек дүрсілінің қатты болуы содан болса керек. Ал кезінде жас баланың жүрегін қызына салатыны туралы хабарды естігенде Джорданның анасы түні бойы жылап шыққан екен. Себебі оның айтуынша, «бір жерде ананың баласынан айырылғанын ойлап, көңіл-қошы түсіп, көзінен еріксіз жас парлапты». 18 айлығында жасалған жүректі транспланттау операциясынан кейін өмір сүріп, 4 жасқа келіп қалған қызды көрген Лукастың анасы ұлының жүрегі әлі де соғып тұрғаны үшін өзін тек бақытты сезінетіндігін айта береді.



0 пікір
Мұрағат