Риторикалық сауал: АҚШ ядролық бағдарламасы үшін Иранға қысым көрсетеді де ядролық қаруға ие Пәкістанға келгенде неге «жұмған аузын ашпайды»?
Риторикалық сауал: АҚШ ядролық бағдарламасы үшін Иранға қысым көрсетеді де ядролық қаруға ие Пәкістанға келгенде неге «жұмған аузын ашпайды»?
5 жыл бұрын 3602 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлбетте, бұл сауал бірыңғайда біреулерге қисынсыз көрінер? Десе де жаппай қырып-жоятын қару Израилде де бар. Алайда, Израил АҚШ-тың Таяу Шығыстағы нөмірі бірінші одақтасы. Әрі Таяу Шығыстағы мұсылман елдері арасындағы жалғыз сионистік ел. Мұсылмандарға қырын қарайтын батыс елдері үшін Израилдің ядролық қаруға ие болғаны тиімді де. Ал Пәкістан да мұсылман елі емес пе? Неге Пәкістаннан жаппай қырып-жоятын қарудан бас тартуды талап етпейді? Иранға ядролық бағдарламасы үшін қысым көрсеткені секілді. Оның үстіне, Пәкістан америкалықтар террорист санайтын тәліптер қозғалысы белсенді әрекет ететін Ауғанстанға көрші ел әрі өз аумағында да астыртын немесе ашық әрекет ететін  террористік ұйымдар көп мемлекет. Яғни, ядролық қару технологиясы қолды болу қатері жоғары ел екенін ескеріңіз. Онда неге Пәкістанға ядролық қаруды иемденуге тыйым салмайды? Иранға экономикалық шектеу қойғаны секілді. Пәкістан да Иран секілді мұсылмен елі емес пе? Осы тұста жақша ішіне алып ескерте кетеріміз: батыс жұрты үшін Иран да Пәкістан секілді мұсылман елі саналады. Олар үшін шиғалар мен сүнниттер арасындағы айырмашылықтың маңызы шамалы. Есесіне, батыс менталитеті нәсілдік айырмашылыққа мән береді. Бұл енді өз алдына бөлек, басқа тақырып. Десе де Иран мен Пәкістанның арасында ядролық мәселедегі ұстанымдарында елеулі айырмашылық бар. Иранға қарағанда Пәкістан, тіпті, Кашмир мәселесі бойынша Үндістанмен текетірессе де ешбір елге ядролық қоқан-лоққы көрсеткен емес. Иран ең алдымен Израилге, содан соң Саудияға қауіп төндіріп тұрған мемлекет. Жоғарыда айтып кеттік, Пәкістан ядролық қаруға ие болғанына табаны күректей 45 жылдан асса да жер дауы бар Үндістанға ядролық ұстамдылық танытып келе жатқан ел. Ал иранға ешбір ел әскери қауіп төндіріп тұрған жоқ. Пәкістан ядролық қаруын 1975 жылы құрастырды. Ал Үндістан 1974 жылы жаппай қырып-жоятын қаруға ие болғанын айта кеткен жөн. Яғни, іле-шала Пәкістан да ядролық қаруды ие болды. Кашмир факторына байланысты. Пәкістанмен көрші жатқа тағы бір ел - Қытай 1964 жылы ядролық қаруын жасады. Ең бастысы, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімдер өткен ғасырдың 80-ші жылдары ғана қабылданғандықтан Пәкістан да, Қытай да, Үндістан да жаппай қырып-жоятын қаруға тыйым салатын халықаралық нормалар қабылданбай тұрып ядролық арсеналға ие болып үлгерген еді. 

0 пікір
Мұрағат