Ресейді мұнай құтқара алмайтын болды. Санкция мұнайдан да мықты болып шықты
|
Қырым түбегін Украинадан тартып алуына байланысты АҚШ бастаған батыс елдері енгізген Ресей агрессиясына қарсы санкцияның ауыр салдарынан Ресейдің қабырғасы қайыса бастады. Бейнелеп айтқанда. Қазірдің өзінде рублдің долларға шаққандағы бағамы шамамен 11%-ға төмендеген. Ал бұл уақытта мұнай бағасы 10%-ға көтерілген. Егер баррел құны жақын уақытта құлдырайтын болса, инфляция қатері анық төнеді. Сарапшылардың пікірінше. Сәуір айындағы Ресейге салынған кезекті санкция инфляцияны қуып жетіп, ресейлік валютаны мүлдем әлсіретіп кетті. Мұнай бағасының өсуіне қарамастан. Егер бұлай жалғаса беретін болса, Ресей Федерациясының Орталық банкі бейтарап ақша-несие саясатынан бас тартады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, сәуірден Ресейге қатысты салынған кезекті санкция ресейлік бизнесмендер мен олардың компанияларына қатысты болатын. Бұл жолғы санкция ресейлік нарықтағы олардың сегментін айтарлықтай шайқалтып кетті. Сәуірдегі санкциядан рублдің долларға шаққандағы бағамы 10,8%-ға арзандады. Яғни, ресейлік валюта бір америкалық долларға шаққанда 63,5 рублге дейін құлдырады. Ал сәуірде мұнай бағасы 10,2%-ға, яғни, барреліне 74,6 долларға көтерілген болатын. Әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты ақша-несие саясатын қатаң жүргізуге тура келеді. Рублдің ауытқуы 2014 жылы басталған болатын. Ол кезде де мұнай бағасы жоғары еді. Global FX-тың инвестициялық сарапшысы Владимир Рожанковскидің айтуынша. "Бұл ресейлік экономиканы "артық жылытудың" бірінші белгісі болды: мұнайдан түсетін табыс жалпы ішкі өнімнің салыстырмалы өсуін қамтамасыз ете алмайтын болды және мұнай бағасы өсуін тоқтатпаса да рублдің мұндай "биіктен қорқа бастағанының" алғашқы белгісі пайда болды",- деп сипаттады сол кездегі ахуалды.