Қытайда адам тапшы - ?... (конспирологиялық гипотеза)
Қытайда адам тапшы - ?... (конспирологиялық гипотеза)
6 жыл бұрын 7798 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі бұрын көл-көсір адам санымен-ақ әлемнің мысын басып келген еді. Алайда, конспирологиялық теорияны жақтайтындардың уәжі қандай? Қытай ғажабының атасы Мао тұсынан бері туу туралы көрсеткіш тек ұдайы өсу үстінде болған еді. Күшейіп алғанша қолдан жасалған жалған көрсеткіш пе әлде? Сөз орайы келгенде айта кету керек, қытай демографиясы түрлі конспирологиялық тақырып болудан қалғалы қашан. Десе де өткен жылы сөніп бара жатқан шоқты қозғаған Сергей Васильев есімді публицистің, seva-riga блогердің жазбасына үңіліп көріңіз: Қытайда бар-жоғы 500 млн-нан аса адам бар. "Уикипедия" электронды энциклопедияға сілтеме жасаған автордың есебінше, 2010 жылы Қытайда 546 млн тонна астық бастырылған. Ал АҚШ-та шамамен 485 млн тонна астық жиналған. Бұл шамадағы астық 300 млн халыққа жетеді. Алайда, блогер АҚШ-тың астықты аса ірі экспорттаушы ел екенін ескермеген. Керісінше Қытай аса ірі тұтынушы екенін де қаперден шығарған. Бұдан бөлек, қытайлардың басты тұтынатын қорегі күріш екенін де назардан тыс қалдырған. Көмірсутекке бай күрішті былай қойғанда, қытайдың тамақ рационында кездесетін өзге де дәнді-дақылдардың ара салмағанына үңілмеген. Конспирологтар тек астық түсіміне ғана назар аударып қоймай ресми статистикаға да көңіл бөлетінін айта кету керек. Мәселен, блогер Виктор Меховтың жазуынша, 1845 жылы қытай халқының саны 430 млн адамды құраған. Арада бір ғасырға таяу уақыт өтсе де, яғни, 1940-шы жылдары да қытай халқының саны осынша адамды құраған. Бірақ, 1945 жылы Жапониямен болған арадағы соғыста миллиондап қырылса да ресми түрде халық саны 490 млн-ға дейін жеткені хабарланған еді. Осынау баламалы теория авторларының жазбасының жаны бар. Бұл аймақтағы бәскелесі Үндістанға доқ көрсету әрі әлемдік державаларды тежеп ұстау қажет болды. Сонымен қатар, ресми статистикаға күмәнмен қараудың арты кейде дау-дамайға, талас-тартысқа ұласып жатады. Мәселен, өткен жылы өткен Пекин университетінің симпозиумында қытай халқының саны 1 млрд 290 млн екені айтылып қалды. Бұл ресми статистикалық дерекке қарағанда 90 млн-ға кем. "Ұясы қаңырап қалған үлкен ел" деп аталатын кітап авторы әрі Висконсин – Мэдисон жоғарғы оқу орнының демографы И Фусянь да статистикалық мәліметті қолдан өсіріп көрсету белең алғанын жасырмайды. Егер ресми келтіргілен мағлұматына сенсек, 1991-2016 жылдар аралығында 464,8 бала дүниеге келген. Қытай аумағында. Ал аталмыш кітап авторының жазуынша, бұл көрсеткіш 377,6 млн-нан аспайды. Бұдан бөлек, бала санына, яғни, тууға қатаң шектеу қойған елде бүгінгі таңда қарттар қарасы тым көбейіп кеткен. Бұл ел қазынасына масыл топ. Есесіне ел экономикасын көтеретін жастар қарасы сиреп кеткен. Яғни, кезінде мемлекет тарапынан қолға алынған "Бір отбасы - бір бала" демографиялық шарасы теріс нәтиже беріп отыр. 

0 пікір
Мұрағат