Қырғыздарда түсік жасатудың немесе шарананы қоқысқа тастатпаудың алын алуға бағытталған тың бастама көтерілді
Қырғыздарда түсік жасатудың немесе шарананы қоқысқа тастатпаудың алын алуға бағытталған тың бастама көтерілді
1 жыл бұрын 955 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғыз республикасының Жогорку Кене́ш (парламент) депутаты Жұлдыз Садырбаева (Жылдыз Садырбаева) ел заңнамасына құпия (жасырын) босану  туралы түзету енгізуді бастама етіп көтерді. Аталмыш заң жобасы қоғамның талқысына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы 24.kg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша жаза басып, аяғы ауырлап қалған, яғни, оң жақта отырып жүкті боп қалған болашақ ананың түсік жасату немесе шаранасын қоқысқа тастау райынан қайтаруға бағытталған ұсыныс айтылды. Дәлірегі, құпия босану жаңа туған нәрестенің аман қалуына көмектесуі мүмкін. Бұдан бөлек, балалардың тумай жатып тастанды атанбауы үшін қандай шара қолдануы керектігі турасында ел арасында ауқымды сауалнама жүргізілгенін де айта кету керек. «Бүгінде перзентханалар бұл қызметтің міндетті медициналық сақтандыру қорынан төленбейтіндігіне байланысты жасырын босанғысы келетіндерді қабылдаудан бас тартуда. Медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің өз іс-әрекеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілері жоқ, ал медицина қызметкерлері жасырын босанғысы келетін әйелдерді тіркегісі келмейді, бұдан бөлек, жеке мәліметтерін жария етуге мәжбүрлейді», - делінген бастаманың негіздеме анықтамасында. «Баланы тастап кеткен жағдайда құпияны сақтау кепілдігі бар мамандандырылған жасырын босану бөлімшелерін құру бірқатар проблемалардың, соның ішінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың тиімді құралы бола алады», - дейді бастамашы. Осылай деген ол мұндай жолмен босанған әйелдің кейін қателігін түсініп, яғни, райынан қайтып, өзі тастап кеткен баласын қайта бауырына алу мүмкіндігі де пайда болатынын алға тартты. Әлбетте, баланы қоқысқа тастамау үшін көшелерде арнайы жәшіктер қойылатын болып жүр. Бұл да шарасыздың күнінен қолға алынған амалдау түрі болғанымен мұндай жоба да тиімділік таныта бермейді. Жасырын босанған әйелдің жеке басының мәліметтерін жариялағандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы тиістігі де айтылды. Құрсақтағы баласын тастағысы келмейтіндер көбінесе қоғамның айыптауынан қорқып, тазалық талаптары сақталмаған жағдайларда (айталық, гаражда, жертөледе, үйде, т.б. тығылып босану) босанғанда баланың шетінеп кету қатері жоғары. Осы орайда жыл басынан бері аталған ел аумағында 14 бала қоқыстан табылғанын айта кетпекпіз. 

0 пікір
Мұрағат