Қойдың өзінен жылына 1 млрд доллар табыс табатын Орта Азиядағы ел
Қойдың өзінен жылына 1 млрд доллар табыс табатын Орта Азиядағы ел
4 жыл бұрын 8346 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай Моңғолия қойдан жылына 1 млрд табыс табатын болады, яғни, мал шаруашылығы, соның ішінде қой шаруашылығы мемлекеттік бюджеттің ¼ мөлшерінде пайда әкеліп, ел экономикасын алға сүйрейтін негізгі салаға айналады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде үкіметтік емес «Чинээлэг малчин бойжуулах төв» ұйымына жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мал шаруашылығымен айналысатын, дәлірегі, иелігінде кем дегенде 1000 бас қойы бар әр қожалық жылына 300 млн тугрик (тугрик – моңғолдардың ұлттық валютасы. 300 млн тургик – шамамен 105 мың доллар болады) табыс таппақ. Моңғолия – мал шаруашылығы бойынша Австралия секілді елдермен бәсекелесе алатын деңгейге көтеріліп келеді. Яғни, аталған елде мал шаруашылығының болашағы зор. Жылдан жылға мал өсіп келе жатқандықтан Моңғолия билігі етті экспорттау көлемін ұлғайтып келеді, алайда, пандемияға байланысты ет экспорты баяулап қалған. Әдетте аталған ел аумағына кірген шетелдіктер қолда жемделіп, бордақыланған мал етін емес, жайылымда жүріп семірген мал етін тұтынады. Біріншіден – дәмді, екіншіден, - сіңімді, үшіншіден – шипалы. «Чинээлэг малчин бойжуулах төв» ұйымы «Моңғолдың қозы еті» «Баян малчин» деп аталатын ұлттық брендті қалыптастыру бағытындағы жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Дәлірегі, аталмыш жобаның түпкі мақсаты мал шаруашылығымен тікелей айналысатын малшылардың өзін бизнеспен айналысатын тұлға ретінде қалыптастыруға саяды. Осы мақсатта Гобсумбэр (Gobisumber) аймағын моделді аймаққа айналдыруды көздеп отыр. Бұл тарапта Барга және Узэмчин етті қой тұқымдарын өсіруге басымдық беріліп отыр. Нәтижесінде 6-7 айлық тірі қозының еті орташа есеппен алғанда 35 келіден аса ет беретін болды. Мұндай жоба Өмнөгов, Хэнтий, Хубсугул, Ховд және Булган аймақтарында да қолға алынып жатыр. «Mongolian Lamb» бренді («моңғолдың қозы еті») әлемге әйгілі, Токио, Нью-Йорк, Бейжің, Мәскеу секілді ірі мегаполистерде сұранысы жоғары KFC және McDonalds секілді ғаламдық франшизаға айналуды көздемейді. Біздің мақсат – күллі әлемді етпен қамтамасыз ететін желіні құру. Экологиялық таза өнімге сұраныс артып келе жатқандықтан Mon Eco Lamb, Mongolian Lamb, Paster, Eco және Premium секілді әлемнің барлық түкпірінде сұранысқа ие жайылымдық мал етін әлемдік нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. 

Қосымша мәлімет: Өткен жылы, яғни, 2020 жылы Моңғолиядағы мал басы 67 млн-нан асты. Бұл оның алдындағы жылмен (2019 ж.) салыстырғанда 3,9 млн (9,9%) басқа кем. 2019 жылдың соңында аталған елдегі мал басы - 70,9 млн.  Соның ішінде жылқы – 4,1 млн, ірі қара (сиыр)  — 4,7 млн, қой — 30 млн, ешкі — 27,7 млн. 2018 жылғы дерекке үңілсек, Моңғолия жылқы саны бойынша әлемде 4-ші орынға жайғасқан, ешкі басы бойынша оныншы орынға табан тіреген, қой саны бойынша 12-ші орыннан көрінген. Моңғолиядағы мал шаруашылығы ел тұрғындарының 40%-ның негізгі батыс көзі болып отыр.

1 пікір
  • Көп ұзамай Моңғолия қойдан жылына 1 млрд табыс табатын болады, яғни, мал шаруашылығы, соның ішінде қой шаруашылығы мемлекеттік бюджеттің ¼ мөлшерінде пайда әкеліп, ел экономикасын алға сүйрейтін негізгі салаға айналады.
    4 жыл бұрын
Мұрағат