Пұтқа табынушылардың ессіз тірлігі (видео)
Пұтқа табынушылардың ессіз тірлігі (видео)
3 жыл бұрын 2370 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үнділердің наным-сенімі бойынша киелі саналатын өзендердің бірі улы көбік астында қалды. Бұл жайында islam.kz порталы france24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл онсызда да ыс пен парникті газдан (Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен қауіпсіз шектен 16 есе асып кеткен) тұншыққан Нью-Дели мегаполисінің экологиялық ахуалын одан ары нашарлатты. Дәлірегі, Үндүстан аумағында ағатын Иамуна өзені жергілікті халықтың сенімі бойынша киелі саналғанымен елдегі ең ластанған су артериясы болып табылады. Аталған қала билігі өткен аптада өзенге өнеркәсіп қалдығын төккен зауытты өзен суын ластағаны үшін айыптаған болатын. Соған қарамастан соқыр наным-сенімнің жетегінде кеткендер бұл қауіпті елемей Күнге табынудан тұратын, төрт күнге созылатын Шһат Пуджа фестивалін атап өту үшін өзенге шомылды.

0 пікір
Мұрағат