Парсы шығанағы елдерінде қатерлі ісікпен ауыратындар қарасы сиреп келеді
|

2023 жылы Парсы шығанағы елдеріндегі қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың жалпы саны шамамен 31,7 адамды құрады, бұл көрсеткішті 100 мың адамға шаққанда 90 адамнан келген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Парсы шығанағының статистикалық орталығы келтірген дерекке жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 196,9 адамнан айналатын әлемдік деңгейден анағұрлым төмен. Аталған орталықтың мәліметінше, бұл аймақтағы обыр дертіне шалдыққандардың 54%-ға жуығын әйелдер құрап отыр. Қатерлі ісіктің алдын алу және аурулар қарасын азайту бағытында Парсы шығанағы елдерінің билігі бірқатар кешенді іс-шараларды қолға алған. Соның ішінде Сауд Арабиясында аймақ бойынша алғаш рет онкологиялық дертке шалдыққандарды емдеу үшін Т-жасушасын өндіре бастады. Осы шараның арқасында емдеу ақысын немесе шығынын 80%-ға дейін төмендеткен. Оман әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық ауруларды ерте анықтау жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында 7 жаңа бөлімшені іске қосты. Ал Біріккен Араб Әмірліктері Таяу Шығыста алғашқылардың бірі болып «Тремелимумаб» (Tremelimumab) революциялық дәрісін қолданды, Бахрейнде отандық онкологиялық қоғамының қолдауымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарында онкологиялық ауруларды диагностикалауға және емдеуге арналған ең соңғы медициналық құрылғылар орнатылды. Бұдан басқа, Катар онкологиялық науқастарды емдеуді қаржылай қолдауға, пациенттер мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмекті алудың ыңғайлы және тиімді тәсілін ұсынуға арналған «Viacum» өңірдің алғашқы онлайн-платформасын іске қосты. Кувейт өз кезегінде ғылыми зерттеулер мен медициналық бастамаларды ынталандыруға бағытталған онкологиялық аурулармен, жүрек-қан тамыр және басқа да аурулармен күресу үшін Кувейт сыйлығын құрды.