Өзін-өзі қорғау шегін кеңейтуды ұсынды
Өзін-өзі қорғау шегін кеңейтуды ұсынды
5 жыл бұрын 1904 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасында өзін-өзі қорғау ережесі туралы ережеге енгізілген түзету төңірегінде қоғамдық пікір-талас жүріп жатыр. Ресейдің танымал «Известия» мерзімді басылымы бұрын хабарлағандай, Ресей либералды-демкоратиялық партия серкесі Владимир Жириновский адамның өзін-өзі қорғаудың рұқсат етілген шегін одан ары кеңейте түсуге қатысты заң жобасын мемлекеттік думаның қарауына енгізбек болған еді. Депутат В. Жириновский РФ Қылмыстық кодексінің 37-ші бабын («Қажетті қорғаныс») өзін-өзі қорғау шегінен асуға өзі мен туған-туыстарын, сондай-ақ, дүние-мүлкін зорлық-зомбылықтан, қауіп-қатерден қорғауға бағытталған әрекетті жатқызуға болмайтыны жөніндегі тармақпен толықтыруды ұсынған болатын. Оның айтуынша, ресейліктер қорғану кезінде болатын залалы қауіптен болатын шығыннан асып кететіндіктен түрмеге түсіп жатады. Десе де ол қауіпті бағалау жүйесінің мағынасы көмескіленгенін айта келіп, тек қарулы адам ғана толыққанды тойтарыс бере алатынын әрі шабуылдаушыдан қорғанудың қауіпті екенін жеткізді. Қараша айының 25-і күні ресейлік «Новая газета» және «Медиазона» ақпарат көзідері бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде 2016-2018 жылдар аралығында сот үкімімен бас бостандығынан айырылғандардың 79 пайызы РФ қылмыстық кодексінің 105 бабының 1 бөлімі негізінде айыпталған: яғни, кісі қанын мойнына жүктеген тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қорғанамын деп жүріп. Темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан әйел жұрағатының 52 пайызы РФ қылмыстық кодекстің 111 бабының 4-ші бөлімі бойынша айыпталған: «кісі өліміне апарып соқтырған денсаулыққа ауыр залал келтіргені» үшін. РФ қылмыстық кодексінің аталған баптары бойынша айыпталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

0 пікір
Мұрағат