Ортодоксалдардың артықшылығы жойылады (фото)
Ортодоксалдардың артықшылығы жойылады (фото)
6 жыл бұрын 4333 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Мемлекет тарапынан жәрдемақы ала отырып, әскери борышын да өтемейді, онымен қоймай, күңкілдері таусылмайды". Израилдің қатардағы қарпайым азаматтары діни атрибутына сай ерекше артықшылыққа ие ортодоксалды еврейлердің масылдығына наразылығы осындай. Ортодоксалдардың әскери борышын өтеу туралы Израил мемлекеті құрылған сәттен бастап көтеріліп келе жатқан тақырыптардың бірі. 

 

Биыл, яғни, жаз мезгілінде Израил заңнамасына ордоксалдарды әскерге алу туралы түзету енгізілді. Әскерге жарамдыларының бәрін емес, аз бөлігін, жылдан жылға олардың әскер қатарындағы қарасын көбейту қарастырылған. Заңға енгізілген түзетуде қарастырылғандай. Егер олар әскери борышын өтегісі келмесе, олардың білім ошақтарына бөлінетін қаржыны азайту шарасы да қарастырылып қойған еді.  

Бір қызығы, кей ортодоксалдар әскери борышын өтейді. Бірақ, басқаша. Яғни, ортдоксалдарға арналған білім беру мекемесінде оқи жүріп "әскери борышын" өтейді. Яғни, бес жылға созылады.  

 
 

Әуел баста Израил мемлекеті құрылғанда ел билігіне ортодоксалдар 700-ге тарта ұл баланы әскер қатарынан босатуды ұсраған болатын. Өйткені, соғыстан кейін Тәуратты жақсы білетін еврейлердің қарасы қатты азайып кеткен еді. Сол кезде оларға осындай артықшылық берілген еді. Ал қазіргі уақытта Израилдегі ортодоксалдар қарасы Израил халқының 9 пайызын құрап отыр - шамамен 800 000 адам. Ортодоксалдар әдетте елі үшін, яғни, Израил үшін дұғасымен көмектесіп жүргенін алға тартып отыр.

 
0 пікір
Мұрағат