Немістер қоқысты жоюда жаңа рекорд орнатты
|
2023 жылдың желтоқсан айында жарияланған дерек бойынша 2022 жылы Германияда тұрмыстық қалдықтардың көлемі 8,2 пайызға азайып, 37 миллион тоннаны құраған. Бұл жайында islam.kz порталы dw.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Федералдық статистика басқармасының (Destatis) мәліметіне қарағанда, Германияның әрбір тұрғыны өткен жылы шамамен 438 келі тұрмыстық қалдық шығарған екен, бұл көрсеткішті бір адамға шаққанда күніне 1,3 келіге тең. Бұл көрсеткіш бұл салада есеп жүргізіле бастаған 2004 жылдан бері тарихтағы ең төменгі деңгей. Сарапшылар Германия халқының саны 2022 жылы 1,1 миллион адамға өскендіктен бұл мағлұматқа таңданыс білдірді. 2022 жылы жеке тұрғын үйлер мен мекемелерден шығарылған қалдықтардың жалпы көлемінің 34%-ын тұрмыстық заттар құраған. Қағаз, картон және шыны сияқты қайта өңделетін заттар жалпы қалдықтардың 31%-ын құрайды. Тамақ қалдықтары, шөптер мен жапырақтар сияқты органикалық қалдықтар 27%-ды құрады. Көлемді заттар 7%-ды құраса, батареялар, электр шамдары, аккумуляторлар, шағын тұрмыстық техника немесе бояу сияқты «зиянды» қалдықтар 0,5%-ды құрады. Германия Еуропадағы қайта өңдеу бойынша көш бастап тұр: қалдықтардың төрттен үш бөлігінен астамы қайта өңдейден кейін жарамды затқа айналған. Осы орайда мынадай қызықты дерек келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: ел халқының денін жастар құраған мемлекетте қоқыс көп тасталады. Германияда, федералдық статистика басқармасының мәліметіне сүйенсек, қалдықтардың жылдық мөлшері шамамен 11 миллион тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш бір тұрғынға шаққанда 78 келіден келеді. Жемістер мен көкөністер ең жиі ысырап болатын тағамдар, яғни, жалпы органикалық қалдықтардың 35%-ын құрайды. Олардан кейін дайын тағамдар (15%), нан және нан өнімдері (13%), сусындар (12%), сүт өнімдері (9%) және мұздатылған тағамдар (6%). Жалпы алғанда, Еуропалық одақ елдері жыл сайын шамамен 2,2 миллиард тонна қалдық шығарады.