Нанотехнологиядан көш бастаған "мұсылман" елі
Нанотехнологиядан көш бастаған "мұсылман" елі
6 жыл бұрын 3001 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның нанотехнология мәселелерімен шұғылданатын бастамашыл кеңесінің құрылғанына (2003 жылы) көп уақыт өте қоймаса да аталған ел қазіргі уақытта бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Бұл жайында Иранның бірінші вице-президенті Ысқақ Жаһангер мәлім етті. Оның айтуынша, соңғы жылдары ирандық ғалымдар нанотехнология саласындағы International Scientific Indexing (ISI)-де тіркелген едәуір құжаттарды жариялаған. StatNano есебіне сәйкес өткен жылы Web of Science (WoS)-та 154 мыңнан аса нанотехнологияға қатысты мақала жарияланыпты. Оның 50%-нан көбісін Қытай, АҚШ, Үндістан, Иран және Оңтүстік Корея ғалымдарының үлесі. Әлбетте, дамыған елдер мен Иран арасында нанотехнологиялық жетістіктер бойынша аздаған айырмашылық бар. Осы олқылықты жою үшін ел билігі ғылыми өндірісті дамытуға, нанотехнологиялық өнімдерді молынан шығаруға, маркетингті жандандыруға ден қоймақ. Осы бағытта аталған ел билігі нанотехнология саласында жұмыс істейтін компанияларға барынша қолдау көрсетуге әзір, соның ішінде, ел аумағында нанотехнологияның дамуына бюджеттен қаржы бөлуді жоспарлап отыр.  ISNA келтірген дерекке қарағанда, Иранның осы саладағы алғашқы зерттеуі 2000-ші жылы жарияланыпты (9 мақала), сол кезде бұл ел аталған сала бойынша 52-ші орыннан көрінген. Бұған қоса,  нанотехнология саласына ден қойған ирандық ғалымдардың қарасы артып келеді. Жылдан жылға. Нанотехнология саласында 257 компания жұмыс істейді екен аталған ел аумағында, олардың 33-і наноматериалмен жұмыс істейді. Бұл компаниялар нететехнологияны пайдалана отырып, 376 түрлі өнімдер шығарады. Бұл өнімдер өз кезегінде әлемнің 47 еліне экспортталады. Бір өкініштісі, еліміздің бұл саладағы бастамалары мен жетістіктері туралы мәлімет жұтаң. 

0 пікір
Мұрағат