Мұсылмандарға өш екенін қалай дәлелдеді (видео)?
Мұсылмандарға өш екенін қалай дәлелдеді (видео)?
10 жыл бұрын 4156

Нью-Йорк мұсылмандары осы елдегі тәртіп сақшыларының бетпердесін сыпыратын, бейнетаспаға түскен «қойылымды» YouTube-қа орналастырды. Адам Салех пен оның досы Шейх Әкбар зайырлы қоғамға тән осы заманғы киім киіп, тәртіп сақшыларының жанынан өткен. Жай өтпеген төбелескен түр көрсетіп, бір-бірін балағаттаса да полиция қызметкерлері оларға назар аудармаған. Арада жиырма минут өткенде олар мұсылманша киініп, әлгі «қойылымдарын» тағы қайталайды. Арасында «Алла» сөзін естірте айтқан көрінеді. Тәртіп сақшылары оларды дереу тоқтатып, тергеудің астына алған. Онымен қоймай, оларды тексерген екен. Артынан жас жігіттер тәртіп сақшыларына мұның «қойылым» екенін баяндап, полиция қызметкерлерінің мұсылмандарға өшпенділікке толы өзгеше қатынас жасайтынын осылайша дәлелдеп берді.

2 пікір
Мұрағат