Мұсылман еместер мешіт тұрғызды (фото)
|
Таяуда, дәлірегі, қараш айының орта шенінде оңтүстік-шығыс Азия аймағында орналасқан Минданао аралында сәулеті мен сәні келіскен мешіт ашылды. Ерекешелігі – мұсылмандарға тән ғибадат ғимаратын негізінен христиандардан тұратын мұсылман еместер басқаратын әскери бөлімшесі тұрғызған. Бұл жайында islam.kz порталы The Philipinne Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ айтқанда, құлшылық үйіне қатысты жобаны подполковник Кристиан Кабадинг жетекшілік еткен 92-атқыштар батальонының жеке құрамы мен PAFCPIC аббревиатурасымен белгілі Филиппин қарулы күштеріне қызмет көрсететін қаржы кооперативі жүзеге асырды. Өткен жылдың маусым айында басталған жоба қасиетті құранды оқытатын білім ошағын қалпына келтіруді де қамтиды. Соңғы он жылда Минданао аймағы үнемі орталық үкімет пен мұсылмандардың тәуелсіздікті мақсат еткен қозғалыстары арасындағы шиеленіс пен көтерілістердің аренасына айналған. 2014 жылы негізгі көтерілісті бастаған топтардың бірімен бейбіт келісімге қол қойылды. Бірер жыл бұрынғы дерек бойынша Филиппин халқының саны 95 млн адамға жеткен. Оның тек он пайыздайы ғана мұсылман, қалғаны, яғни, тоқсан пайызы католиктерден тұрады.
PAFCPIC