Мегаполисте екі мың бас қой шеруге шықты
Мегаполисте екі мың бас қой шеруге шықты
9 жыл бұрын 2521

Олар өздерінің ежелгі соқпағымен жүру құқығын «талап етті».

Испания шопандары ерекше ереуіл ұйымдастырды. Ерекше дейтініміз, олар Испания астанасы – Мадрид мегаполисінің қақ ортасынан 2000 бас қойды айдап өтті – өйткені, бұл елде жуырда отар қойға арналған Fiesta de la Trashumanica шарасы аталып өткен болатын. La Vanguardia ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл мерекені шопандар 7 ғасырдан астам уақыт атап өтіп келеді. Алайда, бұл жолы аталмыш мерекелік шара шеруге ұласты. Өйткені, отар қойдың сүрлеуінде осы заманғы қала бой көтерген. Мадрид шаһарының орталық көшесімен жүріп өткен қойлардың әрбіреуінің мойнына қоңырау тағылған екен. Наразылықтарын осылай білдіргенін айта кету керек. Бұл шерудің кесірінен көлік қозғалысы тоқтап, кептеліс орын алды. Шопандар кеңесінің жетекшісі Карлос Кабаниас бұл шараның жоғалып бара жатқан қой тұқымдарын қорғауда бір септігі тигізетініне үміт артып отыр. Аталмыш кеңес ел королі Альфонс Х-нан жыл сайын қыс қарсаңында отар қойды солтүстіктен оңтүстікке айдап апаратын бұрынғы соқпақты пайдалану құқығын қайтарып алмақ. 

0 пікір
Мұрағат