Хиджаб мұсылман әйелдің аман қалуына себепкер болды
Хиджаб мұсылман әйелдің аман қалуына себепкер болды
9 жыл бұрын 3492

Ұлыбританияда 18 жастағы мұсылман бойжеткенін өлтіре жаздаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты. Словакиядан келген Зданко Туртак есімді 21 жастағы иммигрант автобус аялдамасында мұсылман бойжеткеніне тап беріп, оны сол маңдағы бұта-қарағанның түбіне күштеп апарып, таспен соғып, зорлаған. Артынан сот сараптамасынан белгілі болғандай, қабаттап жамылған шариғат шәлісі соққының салмағын азайтып, төніп келген ажалдан мұсылман бойжеткені осылайша аман қалған. Маньяк осы қылмысын жасағаннан кейін Британиядан табанын жалтыратып тайып тұрады. Алайда, көп ұзамай ДНК-сы бойынша Еуропадан табылып, қолға түседі. Оны Ұлыбританияға экстрадициялап, осы елдің заңы бойынша жауапкершілікке тартып, жаза кеседі. Ол сот үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл жайында IslamNews порталы The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. «Ол бұл жағдайдың өз өміріне өмір бойы жағымсыз әсерін тигізетінін тілге тиек етті. Соның ішінде тұрмысқа шығу мүмкіндігін шектеді. Аз ғана 8 минуттың ішінде оның өміріне балта шабылды. Осы санаулы минуттардың ішінде барлық арман-мұратының күл-талқаны шықты»,- деді сот төрағасы айыпталушыға қарата сөйлеген сөзінде.

0 пікір
Мұрағат