Ішімдікті жеткізуден бас тартқаны үшін қомақты қаржыға ие болды
Ішімдікті жеткізуден бас тартқаны үшін қомақты қаржыға ие болды
9 жыл бұрын 2496

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы көлік компанияларының бірінде жұмыс істейтін екі мұсылман көлік жүргізуші тауардың ішімдік екенін білгеннен кейін оны тапсырыс берушіге жеткізуден бас тартқан. Бұл жайында Islam-Today порталы Freedom Outpost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Артынан белгілі болғандай, Star Transport Inc компаниясы екі көлік жүргізушінің діни сенімімен санаспай оларға басқа жұмыс тауып алуға кеңес берген. Осыдан кейін Махад Аббас Мұхаммед пен Әбдікәрім Хассан Булшале аталмыш компанияның үстінен округтық сотқа шағымданған. Бұл штаттың заңнамасына сәйкес адамды діни сеніміне қарап жұмыстан шеттету 1964 жылы қабылданған. Азаматтық құқықтар жөніндегі актінің 7-тармағына қайшы келеді. Сот үкімі жәбірленушілер пайдасына шешілді. Нәтижесінде ішімдікті тиісті жеріне жеткізуден бас тартқан екі көлік жүргізушісі моралдық зиян шеккені үшін 20 000 долларға және айыппұл шығыны үшін тағы 100 000 өтемақыға ие болды.

0 пікір
Мұрағат