Күріш бағасы әлем бойынша шарықтады
Күріш бағасы әлем бойынша шарықтады
1 жыл бұрын 1293 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Soe Zeya Tun / Reuters

Жаһандық жылынудың салдарынан күллі әлем бойынша азық-түлік қауіпсіздігі төмендей бермек. Құрғақшылық пен аптап секілді климат дағдарасының белгілеріне байланысты күріштің отаны саналатын оңтүстік Азия мен оңтүстік-шығыс Азияда құрғақшылық жайлап барады. Күріш – суда өсетін өсімдік. Азық-түлік қауіпсіздігінде стратегиялық маңызға ие өнім. Су тапшылығына байланысты күріш алқабы азаяды. Бұл жайында islam.kz порталы cnbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тай елінің ұлттық су ресурстары басқармасының (ONWR) жетекшісі Сурасри Кидтимонтон биыл жылдағы мөлшерден жауын-шашын аз түскенін жеткізді, яғни, 60 пайызды құраған, 40 пайызға кем. Осыған орай су ресурсын үнемдеу күн тәртібіне шыққан. Соның ішінде жыл сайын егуді қажет етпейтін көп жылдық дақылдарды өсіруді қолға алады. Бұл ретте бір келі тары өсіру үшін 650-1200 литр, күріш үшін 2500 литр су қажет. Қайсысы тиімді? Күріш тапшылығына тек Тай еліндегі ахуал ғана емес, сонымен қатар, әлемдік күріш экспортының 40 пайызына ие Үндістан билігінің күріш экспортына салған тыйымы да әсер етпек. Осыған байланысты күллі әлемде күріш бағасы шарықтайды. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы күріштің биржалық бағасы тоннасына 572 долларды құрап, ең жоғары деңгейге көтерілді. Үндістан экспорттың 80 пайызға жуығына әсер еткен басматиден басқа күріштің барлық түрін елден экспорттауға тыйым салғаннан кейін екі апта ішінде баға жеті пайызға өскен.

Ұқсас материалдар:

«Корейлер дәстүрлі тағамынан бас тартып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/koreiler-dasturli-tagamynan-bas-tartyp-keledi-14746/#gsc.tab=0);

«Күрішті ең көп тұтынатын және өндіретін елдер туралы аз-кем мағлұмат» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kurishti-en-kop-tutynatyn-jane-ondiretin-elder-turaly-az-kem-maglumat-14514/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/eko-ziyandy-tynaitqyshsyz-tusimi-mol-kurish-osirudin-joly-tabyldy-14652/#gsc.tab=0);

«Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/iondy-saule-tehnologiyasynyn-komegimen-kurishtin-jana-sorty-alyndy-14553/#gsc.tab=0);

Орылған күрішті кептірудің жапонша тәсілі (https://islam.kz/kk/news/arturli/orylgan-kurishti-keptirudin-japonsha-tasili-video-14121/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат