Көлік қағып өлтірген жабайы жануардың етін жеуге рұқсат ететін заң қолданысқа енді
Көлік қағып өлтірген жабайы жануардың етін жеуге рұқсат ететін заң қолданысқа енді
5 жыл бұрын 1912 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом жол-көлік апатынан өлген жабайы жануардың етін қаққан адамның өзіне тұтынуына мүмкіндік беретін заң жобасына қолын қойған болатын. 2019 жылдың қазан айының соңына таман. Әлбетте, АҚШ-тың барлық штатында жол-көлік апатынан өлген жануарға қатысты өз заңдары бар. Калифорния билігі көлік қаққан жабайы жануарды көлік жүргізушінің өз еркіне қалдырды. Аталмыш заң 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енеді – 2022 жылға дейін (тәжірибе ретінде). Өйткені, жабайы жануарды қаққан көлік жүргізушісі бұл фактіні қосымша арқылы тіркеп, онысын екі әрекеттің біріне рұқсат сұрап тиісті орындарға жөнелтеді: ол өлген жабайы жануарды өзімен алып кетуге рұқсат сұрайды немесе тірі қалса, оны құтқаруға билік орындарына өтініш білдіріп хабарлайды. Әлбетте, арам өлген жабайы жануар етін жей ме немесе басқа мақсатта қолдана ма, оны жабайы жануардың өліміне себепші болған көлік жүргізуші өзі шешеді. Десе де арам өлген малды мұсылмандар жемесі анық. Ал мұсылман еместер үшін аталған заңның бір кемшілігі – көлік қаққан жабайы жануардың еті жеуге жарай ма әлде қандай да бір ауруға шалдыққан ба, бұл арада бар жауапкершілік көлік жүргізушінің өзіне жүктеледі. Осы орайда мынаны айта кеткен жөн: америкалық дүкен сөрелеріндегі ет өнімдерінің құрамында антибиотик кездесетіндіктен дәрі-дәрмектен ада мұндай олжа пайдалы болуы да мүмкін. Десе де аталған заңды құптамайтындардың айтуынша, көлік жүргізуші өзі қаққан жануардың құтқаруға әрекет жасамауы немесе тиісті орындарға хабарламауы мүмкін. Пайда көріп. Өлген соң көлігіне тиеп алып, жөніне тайып тұрады. Әлбетте, жабайы жануардың өлгенін тіркеп, тиісті орындарға жөнелтеді. Я болмаса жол-көлік оқиғасынан жабайы жануар емес, әлдекімнің сиыры зардап шексе, қайтеді? Жол үстіндегі жабайы жануарды үркітіп жібермей, еті үшін қасақана қақпағанын қалай білуге болады? Міне, осындай сауалдарды көлденең тартып, заңның шикі тұстарын атап көрсетті.

0 пікір
Мұрағат