Жылдан жылға климаттық босқындар қарасы артып келеді
Жылдан жылға климаттық босқындар қарасы артып келеді
5 жыл бұрын 2054 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы Нигердің оңтүстік-шығысында орын алған тасқын мен селден 23 мыңға тарта адам баспаналарын тастап, бастары ауған жаққа босуға мәжбүр болған. Бұл жайында Agence France-Presse ақпарат көзі хабар таратты. Шелектеп құйған нөсерден Чад көлі арнасынан асып, жағалаудағы және сол маңдағы елді-мкендерді су астында қалдырған. Нәтижесінде аталған елде тағы бір гуманитарлық дағдарыс орын алуы мүмкін. Гиреліктер климаттық босқындардың қатарын толықтырып отыр. Осыдан екі жыл бұрын, дәлірегі, 2017 жылдың ақпан айында күллі әлемде климаттық босқындар қарасы 64 мыңнан асса, арада 4 ай өтпей жатып олардың саны 980 мың адамға жеткен. Беделді әрі белгілі гуманитарлық ұйымдардың келтірген дерегі мен болжамына қарағанда, 2050 жылы әлем бойынша 150 млн адам климаттық босқын атанады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, ең алғаш рет климаттық босқындар мәртебесіне Папуа Гвинейдегі Картерет аралдарының тұрғындары (2000-ға уық адам көрші аралға қоныс аударуға тура келген еді) ие болған еді. Жаһандық жылыну салдарынан болған климат өзгерісінен олардың аралы мұздақтардың еруінен теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты су астында қалды.

0 пікір
Мұрағат