Жұмсақ күшпен мәжбүрлеп жақсылық жасауға итермелеу өз нәтижесін беруде
Жұмсақ күшпен мәжбүрлеп жақсылық жасауға итермелеу өз нәтижесін беруде
6 жыл бұрын 3055 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, кезінде Қытай билігі елдегі азаматтардың әлеуметтік рейтингісін 2004 жылдан бері қолданысқа енгізгені туралы жазғанбыз. Онда Қытайдың әр азаматы қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін түрлі қайырымдылық шараларға қатысып, биліктің көзіне түсуі керек болатын. Мұндай талап өзге елдерде "әлеуметтік жауапкершілік" деген атпен белгілі. Десе де Қытайдағы мұндай шара өз кезегінде тиімділігін көрсетіп отыр. Оны статистикалық мәліметтерден байқай аласыз. Бұдан бөлек, Қытай елі «әлеуметтік сенім жүйесін» белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. Яғни, цифрлы технология арқылы әр адамның жеке рейтингі түзіледі. Соның негізінде түрлі жеңілдік беріледі немесе айыппұл салынады. «Әлеуметтік сенім кредиті» жүйесін 2020 жылы енгізуі мүмкін. Әзірге тәжірибе жүзінде бірнеше қалада сынақтан өткізілуде. Мәселен, өткен жылдың қорытындысына үңілсеңіз, бұған өзіңіз де көз жеткізесіз. Қытай бизнесмендері мен кәсіпорындары қайырымдылық шараларға қаржыны жиі аударатын болған. 2018 жылы, тіпті, рекордтық көрсеткішке жетті. Олардың қайырымдылық іс-шараларға аударған қаржы мөлшері - 28 млрд юан, яғни, 4 млн долларға тарта қаражат. Бұл жайында қытайлардың мемлекеттік Синьхуа ақпарат агенттігі China Daily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Жеке тұлғалардың өзі 9,5 млн юан аударған. Яғни, халқының саны көл-көсір Қытайдың әр жан басына шаққанда 34,8 юаннан айналады екен. Қайырымдылық шараларына 274 қайырымдылық ұйымы мен 744 кәсіпорын атсалысқан. Бұдан бөлек, Елдің дамыған аймақтарындағы әр жетім бала ай сайын 600 юан (87 доллардан) жәрдемақы алып отыр. Бұл үлкен көрсеткіш, үлкен жетістік. 

0 пікір
Мұрағат