Жердің көміртекті сіңіруі – климат өзгерісіне қарсы күрес жобасына айналуы мүмкін
Жердің көміртекті сіңіруі – климат өзгерісіне қарсы күрес жобасына айналуы мүмкін
3 жыл бұрын 1533 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Кембридж университеті (Британия) мен Сингапурдегі Наниан технологиялық жоғарғы оқу орнының ғалымдары анықтағандай, жер сіңіріп алатын көміртектің мол мөлшері жердің терең қабатында қалып қояды, яғни, жер бетіне қайта шықпайды. Тек жер сіңірген көміртектің үштен бірі ғана жер бетіне шығады. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жер қойанауындағы көміртектің жылжу бағытын әне шоғырлану деңгейін зерделей келе планетадағы көміртектің барлық кезеңін және оның атмосферада, мұхитта, т.б. ауысу схемасын бағамдай алған. Соның ішінде жер бетіндегі және жердің беткі жағына жақын қабаттағы көміртек циклі барынша терең зерделенген болатын. Десе де жердің терең қатпарындағы көміртек жердің тіршілік ортасы ретінде қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын болып шықты. Жердің терең қатпарындағы көміртек техтоникалық плита қозғалған кезде жердің терең қатпарында шоғырлануы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде жаһандық жылынуға тікелей себеп болып отырған көміртекті жасанды жолмен жердің терең қатпарына жіберу технологиясы пайда болуы мүмкін. Климат өзгерісіне қарсы күресте. 

0 пікір
Мұрағат