Жақын болашақта Азия экономикасын қандай өзгерістер күтіп тұр
Жақын болашақта Азия экономикасын қандай өзгерістер күтіп тұр
6 жыл бұрын 2904 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Азия экономикасын Қытайсыз елестете алмайсыз. Сол себепті, алдымен Қытай экономикасынан бастауды жөн көріп отырмыз. Қытай тек Азияда ғана емес, сонымен қатар, әлемдегі ең ірі экономика. Даму қарқыны соңғы бірер жылдың жүзі баяулағанымен әлемдегі ең жетекші позициясын бермейді. Әлемге әйгілі Bloomberg экономикалық шолушы ақпарат көзінде Энда Карранның (Enda Curran) қолсозым болашаққа жасаған экономикалық болжамына сәйкес 2020 жылы Қытай экономикасы көш бастап, халқының саны өзімен шамалас Үндістан экономикасы АҚШ-ты басып озуы мүмкін. Ал Индонезия экономикасы алдыңғы қатарлы бес елдің біріне айналмақ. "Біздің экономикалық өсуге қатысты ұзақ мерзімді болжамымыз негізінен әлемдік жалпы ішкі өнімдегі елдердің қосар үлесіне негізделген",- деді Дэвид Манн (David Mann) есімді сарапшы. Олардың болжамынша Үндістан экономикасының өсу қарқыны 2020 жылы 7,8%-ға артып, ал Қытайдікі 2030 жылы 5%-ға дейін кемуі мүмкін. Өткен жылы әлемдік жаппы ішкі өнімдегі Азия үлесі 2010 жылғы 20%-ға қарағанда 28%-ға дейін артқан болатын. 2030 жылы бұл көрсеткіш 35%-ға жетуі мүмкін. 

Сондай-ақ, мынадай негізгі әрі елеулі өзгерістер орын алмақ: 

- Дамушы елдердегі реформалар қарқынының бәсеңсуі олардың өндірісінің өсуіне кері әсерін тигізеді;

- Ақша массасымен экономиканы қанықтыруды көздейтін ақша-несие саясатының біртіндеп аяқталуы өз кезегінде өндірісті арттырмақ;

— Орташа тап өтпелі кезеңге тап болып, 2020 жылы орта таптың табыс деңгейі артады. Әлем бойынша. 

Сонымен қатар,  урбанизация мен білім беруде орта таптағылардың қарасының көбеюі халықтың шапшаң қартаю процесін тежейді. Әлем бойынша. Соның ішінде Қытай да бар. 

0 пікір
Мұрағат