Жапония мен Ресей билігі екі ел арасындағы даулы аралдарға қатысты бейбіт шешімге келудің жолын тапқан секілді. Қалай?
Жапония мен Ресей билігі екі ел арасындағы даулы аралдарға қатысты бейбіт шешімге келудің жолын тапқан секілді. Қалай?
7 жыл бұрын 6311 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жуырда күншығыс елінің премьер-министрі Синдзо АбэтРесей Федерациясымен арадағы даулы арал мәселесін шешуге бар күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдей келе өзі билік басында тұрғанда бұл мәселенің шешімін тапқанын қалайтынын да жасырмады. Әлбетте, Жапония экономикалық қуаты орасан болғанымен өзінен әлдеқайда әскери қуаты басым Ресейді күшпен, қарудың көмегімен бұл мәселені шеше алмасы анық. Тек бейбіт келіссөз арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алады. Бұл тарапта барлық тетік, дипломатияның барлық мүмкіндігі қарастырылары сөзсіз. Талай жылға созылған бұл келіссөзден белгілі бір нәтиже шыққанын да айта кету керек. Тарихқа сәл шегініс. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапондар өздеріне тиесілі Курил аралының солтүстік бөлігінен айырылып қалған еді. Ал оңтүстік бөлігі сол кездегі КСРО құрамында болғандықтан арал тұтасымен орыстарға қарап кеткен болатын. Десе де күншығыс елі әлі күнге өзіне тиесілі Курил аралының архипелагындағы Итурупа, Кунашира, Шикотана аралдарын қайтарып алу үшін орыстардан даулап келеді. Дауламасқа да әддісі жоқ. Ресей секілді алып державадан қайтарып алу мүмкіндігі аз болса да. Жері шағын, халқы тығыз орналасқан жапондар үшін әр сүйем жер маңызды. Жапондар Хабомаи деп атайтын бұл аралдар тобы қайтарып алмаса да оны екі елдің ортақ  экономикалық аймағына айналдыру туралы келісімге келген секілді. Бұл қадам жапондар үшін аса маңызды. Жеңіске жеткізер алғашқы баспалдық іспеттес. Экономикасы қуатты жапондармен экономикалық аймақ құрған экономикасы шатқаяқтаған Ресей үшін де маңызды. Десе де, аталмыш жобаның бір кілтипаны: бұл аймақта қай елдің заңы қодданылады? Ресейліктер өз заңын алға тарса, жапондар бұл аймақта екі елдің емес, дербес жүйесін қалыптастыруды ұсынып отыр. Орыстар жапондардың бұл ұсынысына келісімін бере ме, оны алдағы уақыт көрсетеді. Ұлан-байтақ жері бар орыстар бұл аралдарды неге бермей отыр? Арал – ең басты жаудың ел ішіне дендеп енуге тосқауыл болатын қалқан іспеттес. Қорғаныс пен қауіпсіздікте стратегиялық маңызы бар болғаны үшін орыстар бұл мәселеде әр қадамын абайлап басуына тура келеді. Бұл аралдар Тынық мұхитына шығар жол, АҚШ пен Жапония тарапынан қауіп төнген жағдайда маңызды қамал рөлін атқарады. Яғни, іргесінен әскери база тұрғызбасына кепілдік жоқ.

0 пікір
Мұрағат