Иран нанотехнология бойынша алғашқы бестік құрамында тұр
Иран нанотехнология бойынша алғашқы бестік құрамында тұр
3 жыл бұрын 2604 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран ислам республикасы соңғы жылдары нанотехнология саласында үздік шығып, алғашқы бес елдің құрамынан табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Monitor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шиғалар елі өткен жылы (2021 ж.) нанотехнологиялық өнімдерді сатудан 2,7 млн доллар табыс тапқан. Оқырманға түсінікті болу үшін нанотехнологияның не екеніне аз-кем тоқтала кетпекпіз: нанотехнология – өзіне тән қасиеті (өзіндік ерекшелігі) нанометр деңгейіндегі пішін мен көлем арқылы анықталатын құрылымдарды, құрылғыларды және жүйелерді жобалау, сипаттау, өндіру және қолдану. Мұндай технология өнеркәсіптік және экологиялық тұрғыдан бірқатар артықшылыққа ие, соған қарамастан улы қалдықтар тудыру секілді кемшілігі бар. Парсы елінің нанотехнологиялық өнімдерінің 42%-ы құрылыспен, 17%-ы мұнай саласымен, 13%-ы автокөлік құрастырумен байланысты. Бүгінгі таңда нанотехнологиялық өнімдер отандық технология негізінде өнеркәсіптің 15-тен аса саласында өндіріледі әрі әлемнің 49 еліне экспортталады. Осы жылдың қаңтар айында StatNano деп аталатын нанотехнологиялық зерттеулер сайты нанотехнология туралы жаарияланған мақалалар саны бойынша Иранның төртінші орыннан көрінгенін мәлім етті. Бұл саладағы жетістіктің бір көрсеткіші – нанотехнология тақырыбындағы мақалалар санымен де өлшенеді. Әзірге бұл салада  әлем боойынша Қытай көш бастап тұр, одан кейінгі орынға АҚШ жайғасқан, үшінші орынға Үндістан табан тіреген, төртіншісі – Иран. Ақпан айында америкалық физика инстиуты иран ғалымдарының қатерлі ісікті наноматериалмен емдеуге көшкені турасында ғылыми мақала жариялады. Нанотехнологияның дамуы өз кезегінде Иранға ядолық бағдарламасына байланысты салынған санкциядан пайда болған экономикалық проблемаларды еңсеруге мүмкіндік беріп отыр.

Iranian Companies to Build “Nano City” - Caspian News

0 пікір
Мұрағат