Инвестиция тарту үшін жалпы ішкі өнімін асыра көрсеткен...
|
Қытай халық республикасы билігі ел экономикасының өсу қарқынын «асыра көрсетті деген сөздің жаны бар» дейді Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінің жетекші ғылыми қызметкері Андрей Колганов. Экономист бұл сөзін regnum.ru ақпарат көзінің тілшісіне осы тақырыпқа қатысты айтқан. «Қытай билігінің атына айтылған, шындығында басқаша ел экономикасының ахуалын жақсартып көрсету үшін статистиканы манипуляциялаған деген айып сонау 1990-шы жылдарден бері айтылып келеді. Бұл сөздің жаны бар. Қытай бюрократиясының шынайы статистиканы қаншалықты деңгейде манипуляциалағанын айту қиын»,- деді ол артынша. Әлбетте, Қытай билігі шетелдік инвестиция тарту үшін жалпы ішкі өнімге қатысты мәліметтерді өз пайдасына қарай бұрмалаған күннің өзінде Қытайдың экономикалық әлеуетін аталған елдің соңғы жылдардағы саяси белсенділігі мен экономикалық бастамаларын-ақ байқауға болады. Мәселен, бір ғана тарихи Жібек жолының осы заманғы нұсқасы атанған «Бір белдеу – бір жол» ғаламдық жобасының өзі неге тұрады. Бұдан бөлек, АҚШ-пен арадағы сауда соғысынан қанша зардап шексе де іргесін бермеген Қытай экономикасының қаншалықты әлеуетті екенін бағамдай аласыз.
Естеріңізге сала кетсек, Вашингтон қаласында орын тепкен Буркинг институты сарапшыларының есебінше, Қытайдың жалпы ішкі өнімі соңғы бірнеше жыл ішінде жыл сайын екі пайыздық пунктке көтеріліп отырған. Нәтижесінде ресми бағалауға қарағанда 12%-ға кем болып шыққан. Қытайдың ұлттық статистика бюросы жергілікті билік орындарының жалпы ішкі өнімді ұлттық деңгейде есептеу үшін берген деректерді түзетіп отырады. Бұл түзету 2000-шы жылдардың орта шенінен бері елдің жалпы ішкі өнімінің орташа есеппен алғанда шамамен 5%-ды құраған. Қытай экономикасының 2006-2016 жылдар аралығында орташа есеппен алғанда атаулы мән бойынша 1,7%-ға артқан. Қытай билігі көрсеткендей, 2%-дық көрсеткіш инфляция деңгейін ескергендегі нақты көрсеткіш. Ресми статистикалық мағлұматқа сәйкес соңғы он жыл ішінде аталған елдің жалпы ішкі өнімінің өсуі екі еседен асып түскен. Шындығына келгенде, бұл көрсеткіш жарияланған деректен 12%-ға кем. Бұл арада мынаны ескеру керек, Қытай коммунистік ел. Алға қойған жоспарды артығымен орындау үшін жергілікті биліктегілер мансабын өсіру үшін, т.б. игіліктерге қол жеткізу үшін мәліметті қолдан жасап, көзбояушылыққа барады.
Брукинг сарапшылары статистикалық мәліметтерді қаншалықты бұрмалағанын анықтау үшін жиналған салық дерегін пайдаланған. Өйткені, салыққа қатысты деректер көп бұрмаланбайды. Оның үстіне, 2005 жылдан бастап, ел қазынасына, яғни, мемлекеттік бюджетке түсетін салық электронды түрде жүзеге асырылып келеді. Бірыңғай компьютерлік жүйе бойынша. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталған елдің экономикалық өсу қарқыны 2012 жылдың өзінде 6%-ға төмендеп кеткен. Нақтысында экономика табысы 1,6 трлн долларға асыра көрсетілген. «Провинциялардың жалпы ішкі өнімінің жиынтық көрсеткіші жалпы ұлттық көрсеткіштен асып түскен. Электр энергиясын тұтынуға, теміржол тасымалдауға, қарыз беру мөлшеріне қатысты көрсеткіштерді талдау нәтижесі соңғы екі жылда нақты көрсеткішті асыра көрсеткенін көрсетіп берді»,- дедп айтылған Брукинг сарапшыларының қорытындысында. Қытайдың бұл әрекеті өз кезегінде әлемдік қаржы нарығын астаң-кестең етуі мүмкін. Дамушы елдермен қатар дамыған елдердің экономикасын шатқаяқтатып кетпек. Бейнелеп айтқанда, банк неғұрлым несиені көп берсе, соғұрлым оның дебеттік балансы артады. Көп жағдайда бұл нақты табыс ретінде есептеледі. Бұған қоса, өнеркәсіпке салынған шығын әлі өз-өзін ақтамаса да ол да жалпы ішкі өнімнің табысы саналады. Десе де Қытай билігі жалпы ішкі өнімді асыра көрсетсе де бүгінгі таңда аталған ел әлем экономикасын алға сүйреп келе жатқанын жоққа шығара алмайсыз.