Ғалымдар жер бетінде жаңа дәуірдің басталғанын жариялады
Ғалымдар жер бетінде жаңа дәуірдің басталғанын жариялады
6 жыл бұрын 3475 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Лестер университетінің Ян Заласевич есімді ғалымы бастаған ғалымдардың бір тобы жер бетінде геологиялық жаңа дәуірдің - Адам дәуірінің басталғанын жария етті. "Антропоцен" деген атауға ие болған жаңа дәуірдің ең басты ерекшелігі қоршаған орта мен климатқа адамзаттың тигізер ықпалының артуында жатыр. Жаңа дәуір өткен ғасырдың орта шенінен бастап, дәлірегі, 1950-ші жылдардан басталғанын байқауға болады: ядролық қарудың жаппай сыналуы, пластмассалық заттардың пайда болуы, экономикалық белсенділіктің салдары - ауаның ластануы. Ондаған жылдарға жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесі мен 34 сараптамасы антропоценнің геологиялық негізі бар концепция екенін дәлелдеп берді. "Антропоценнің не екенін біз бәріміз жақсы білеміз. Біз проблемаға атүсті қараймыз. Геологияның бұл жағынан артықшылығы - тастар алдамайды",- деді Ян Заласевич. Ғалымдар енді Стратиграфия жөніндегі халықаралық комиссияға антропоцен дәуірінің басталғанын ресми мойындауда талап ететін өтініш түсіреді. Осылайша антропоцен мұз дәуірінен соң шамамен 12 мың жылға созылған голоцен дәуірін алмастыратын болады. Таяуда жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетіп бергендей, адамзаттың іс-әрекеті соңғы 10 млн жылға қарағанда жануарлар мен өсімдіктерге 100 есе артық қауіп төндіруде. 

0 пікір
Мұрағат