Еуропалық сот сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастардың еміне қаржы бөлуді міндеттеді
Еуропалық сот сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастардың еміне қаржы бөлуді міндеттеді
4 жыл бұрын 2274 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық адам құқығы жөніндегі сот Ресей Федерациясының билігін сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастардың ем-домына, дәрі-дәрмегіне қаржы бөліп, қарайласуды міндеттеді. Бұл жайында islam.kz порталы «Коммерсантъ» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, Сочи қаласының Ксения Швецова есімді 31 жастағы тұрғыны қан түзу жүйесінің сирек кездесетін дертке шалдыққандықтан орфандық аурулардан зардап шегетін тұлғалар есепке алынған федералды тіркеуде тұр. Алайда, Краснодар денсаулық сақтау министрлігі табаны күректей бес ай бойы науқасқа «Элизария» деп аталатын  қажетті дәрісін бермеген, ақшаның жоқтығын желеу етіп. Аталған дәрінің бір қорабының бағасы 280 мың рубл тұрады. Ал Ксения оны аптасына екі рет қабылдауы тиіс. Сырқаты жанына батқан науқас жергілікті сотқа шағымданған екен. Жергілікті сот шағымданушының өтінішін қанағаттандырып, аймақтық билікті аталмыш дәрі сатып алуға міндеттеген. Алайда, жергілікті шенеуніктер сот шешімін орындаудан бас тартып, қарсы талап арыз берген. Ксения Швецованың қорғаушысының айтуынша, жергілікті билік өкілдері сот процесін созғысы келеді, ал дәрісін дер кезінде қабылдай алмаған пациент кез келген сәтте өліп кетуі мүмкін. Амал жоқ, науқас Еуропалық адам құқығы жөніндегі сотқа жүгінуге тура келген. Еуропалық сот екі күнде істі қарап, бүкіл жауапкершілікті мемлекеттің өзіне артып, пациентті дәрімен қамтамасыз етуді талап етіп отыр. Еуропалық сот шешімі мемлекеттер үшін орындалуы міндетті, осыған байланысты Ресей билігі наурыз айының 5–не дейін аталған сотқа есеп беруі тиіс. Тағы бір факті: 2020 жылдың тамыз айында Санкт-Петербор қаласының Куйбышев аудандық соты ресейлік балағы әлемдегі ең қымбат дәрілердің бірінен саналатын «Золгенсма» дәрісімен қамтамасыз етуден бас тартқан.Бұл дәрі жұлын бұлшық етінің атрофиясын емдеуге арналған. Соттың мұндай шешім шығаруына дәрігерлер консилиумының шешімі түрткі болған. Дәрігерлердің уәжі бойынша «Золгенсма» дәрісі тек екі жасқа дейінгі балаларға ғана арналған. Ал ресейлік бала дәрігерлер консилиумынан кейін бір аптадан кейін екі жасқа толған еді. 2019 жылы осындай жағдай Краснояр өлкесінде де орын алған болатын: жұлын бұлшық етінің атрофиясынан зардап шегетін екі жастағы бала дәрігерлер кінәсінен көктей солған еді. Дәрісін уақытылы іше алмағандықтан. Осыған байланысты дәрігерлер үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Ауыр дертке шалдыққан баланың тағдырына салғырт қарағаны үшін. Мұның бәрін неге тәпіштеп жазып отырмыз?

0 пікір
Мұрағат