|
Ересектер де балалар бақшасына барғысы келеді (фото)
|
Нью-Йорк мегаполисінің тұрғындары Бруклин ауданында ересектерге арналған балабақша ашты. Осылайша, балғын шағын еске алғысы келген ересектер ара-тұра осынау бала бақшаға барып, бір сәт өздерін бала секілді ұстап, мауқын басатын көрінеді. Әзірге бұл балалар бақшасында алты адам бар. Олардың арасында жазушы, программист, т.б. бар. Кесте бойынша түстен кейін бір мызғып алады, екінті шамасында жүрек жалғайды, сурет салу, ермексазбен ойнау, т.б. балаларға арналған жаттығумен өткізеді. Бұл балалар бақшасына барғыңыз келсе, аздаған ақшаңыз болса, жетіп жатыр: бір ай болғыңыз келсе, тобына қарай 300 доллардан 1000 долларға дейін төлейсіз.






Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін