ЕО Қытайдан сарбаздардың геномын редакциялауды жоспарлап отыр деп күдіктенуде
ЕО Қытайдан сарбаздардың геномын редакциялауды жоспарлап отыр деп күдіктенуде
7 ай бұрын 868 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Florence Lo / Reuters

Еуропарламенттің (ЕП) Полшадан сайланған депутаттары Анна Фотыга мен Косма Злотовский Қытай халық республикасын өз сарбаздардың геномын редакциялау, сондай-ақ, вирустарды өзгерту (модификациялау) үшін генетика саласындағы зерттеу нәтижелерін өз мүддесі үшін теріс пайдалануы мүмкін екенін атап өтті. Олар бұл қаупін Еуропарламент депутаттарының Еуропалық комиссияға (ЕК) жолдаған үндеуінде мәлімдеген. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Көптеген сарапшының пікірінше, адам геномын зерттеу ісі медицинаның болашағы зор саласына айналады. Бұл бағыттағы нарық он жыл шамасында жүздеген миллиард долларға жетіп қалады, ал бұл тенденция өз кезегінде медицина мен биотехнология үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және жеке дәрі-дәрмектердің жаңа буынын, мысалы, қатерлі ісік пен сирек кездесетін ауруларды емдеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, осынау медициналық технологияның дамуы тек адамгершілік тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, қауіпсіздікке қатысты қатерлерге де толы», деп айтылған үндеуде. Сондай-ақ, аты аталған депутаттар «Қауіпсіздік органдары бұл салада үстемдік етуді қалайтын BGI Group және MGI сияқты Қытай билігімен және әскерилерімен байланысы бар компаниялар қызметін жіті қадағалап отыр. (...) Қауіпсіздік қызметтері генетикалық дерекқорларды генетикалық профиліне негізделген адамдар мен этникалық топтарға, сондай-ақ, өз сарбаздарына гендік инженерияны  қолдануға немесе вирустарды өзгерту үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертуде», деп мәлімдеген. Осылай деген Еуропарламент мүшелері Америка құрама штаттарының генетикалық мәліметтердің Қытай және Ресей секілді елдердің қолына түспеуі үшін бұл тараптағы заңнаманы қатайтып, тиісті шаралар қабылдап жатқанын жеткізді. Осы орайда әлемдегі тағы бір әскери диктатура мен автократиялық режим үстемдік еткен елде, дәлірегі, Солтүстік Кореяның да гендік инженерия саласында технологиялық жетістіктерге жеткенін айта кетпекпіз. Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі Солтүстік Кореяда биологиялық қаруға қатысты ұлттық бағдарлама барын, бұған қоса, CRISPR (генді өңдеу технологиясы) секілді технология көмегімен гендік инженергия саласын дамытуға ден қойғанын жазыпты.

0 пікір
Мұрағат