ЕО елдері сатылмаған киімдерді жоюға тыйым салуды қолдайды
ЕО елдері сатылмаған киімдерді жоюға тыйым салуды қолдайды
2 жыл бұрын 951 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еурокомиссия келтірген мәлімет бойынша Еуропалық Одақ тұрғындары жыл сайын 6 миллион тонна мата тапсырады, алайда, олардың тек төрттен бірі ғана қайта өңделеді. FT (Financial Times) дерк көзінің хабарлауынша, бірнеше ел мұндай тыйымға қарсы шыққан, соның ішінде Швецияда тіркелген H&M ірі бөлшек сауда ретейлері де бар. Тек Швеция ғана емес, сонымен қатар, Франция, Германия, Нидерланды мұндай тыйымға қарсы. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes Russia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ЕО елдері «киім мен аксессуарларды» жоюға арнайы тыйым салуды қолдап отыр. ЕО тоқыма өнеркәсібінің қоршаған ортаға зиянды қалдықтарын азайтқысы келеді, қазіргі уақытта аталған өнеркәсіптен атмосфераға бөлінетін зиянды заттар ЕО-дағы атмосфераға бөлінетін барлық көміртегі мөлшерінің бестен бір бөлігін құрайды. Еуропалық комиссияның бағалауы бойынша ЕО тұрғындары жыл сайын 6 миллион тоннаға жуық матаны қоқысқа тастайды, оның төрттен бір бөлігі ғана қайта өңделеді. Дизайнерлік брендтер өз өнімдері қара нарықта сатылмасы үшін сатылмаған тауарлық-материалдық қорларды жойып отырады. Аталмыш тыйым шағын бизнеске қолданылмайды, ал компанияда 249 адамнан аспайтын және жылдық айналымы 50 миллион еуродан аз болса, орта бизнеске бейімделуге көбірек уақыт беріледі. 2018 жылы британдық Burberry бренді 28,6 миллион фунт стерлинг (сол кезде 38 миллион АҚШ доллары) тұратын өнімдерді: сатылмаған киімдерді, аксессуарларды және парфюмерияны өртеп жібергенін хабарлаған еді. Мұндай компаниялар ұрланбауы немесе арзан сатылмауы үшін тауарларды жояды, деп атап өтті ВВС. Burberry өртеуден бөлінетін энергия қайта пайдаланылатынын мәлімдеген болатын, компания бұл процедураны экологиялық таза процедура деп сендірген еді.

0 пікір
Мұрағат