Диклофенак Үндістанды экологиялық апатқа әкелді әрі 500 мың адамның ажалына себепші болған
|
1990 жылдары қолданыла бастаған, ірі қара малға арналған, ауруды басатын дәрі Үндістанда тазқара популяциясының күрт азаюына себеп болған. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Содан бері табаны күректей 30 жыл өтті, тазқаралар саны қалпына келген жоқ. Тазқаралардың кемуі өз кезегінде 500 000 адамның өліміне әкеліп соқтырғанын анықтады. Ғалымдар. Бұдан бөлек, алдын ала жүргізілген есеп бойынша тазқара санының азаюынан Үндістан экономикасы 2000-2005 жылдар аралығында жыл сайын 69,4 миллиард доллар шығын көрген. Бұл тараптағы талдау кезінде 1991 және 2003 жылдар аралығындағы Үндістан аумағын мекендейтін тазқаралардың тіршілік ету ортасы туралы деректі сатылған дәрі мағлұматымен және жергілікті тұрғындардың денсаулығына қатысты мәліметтермен салыстыра отырып, осындай байланысты анықтады немесе осындай қорытындыға келген. Тазқаралар – өлексені қорек ететін жыртқыш құс. Өлексені қорек ету арқылы түрлі жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді. 40 минут ішінде бір ірі қараның тек ақсөңке сүйегін қалдырады. 1994 жылы Үндістандағы ветеринарлар ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы диклофенак дәрісін қолдана бастады. Бұл дәрі ірі қара малдың денесінде үш күнге дейін сақталады. Үш күнде өліп кетсе, ірі қара организіміндегі диклофенак шын мәнінде тазқаралар үшін улы болып келеді. Зәр қышқылы құстың қанында жиналып, нормадан 10 есе жоғары деңгейге жеткен. Оның кристалдары өлген жыртқыш құстың денесінен жиі табылған. Аталмыш дәріні енгізгеннен кейін айналдырған 10 жыл ішінде Үндістандағы тазқаралар саны 50 миллионнан екі мың адамға дейін кеміп кеткен. Осының кесірінен жұқпалы аурулар кеңінен тарап, түрі кеселден көз жұмғандар қарасы көбейді. 2004 жылы диклофенак тазқара популяциясы үшін қауіпті деп танылды және Оңтүстік Азия елдерінде ветеринариялық салада қолдануға шектеулер енгізілді.