Дәрілік өсімдіктер нарығы: Иран экономикасындағы әлеуеті
Дәрілік өсімдіктер нарығы: Иран экономикасындағы әлеуеті
4 жыл бұрын 3137 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның дәрілік өсімдіктер экспорты соңғы жылдары артып келеді. Экономика сарапшыларының пікірінше, Иран бұл салаға инвестиция тартса немесе құйса, халықаралық нарықта белді ойыншыға айнала алады. Иран жеті дәрілік өсімдік өндірісінде монополияға айналған ел. Дәрілік өсімдік саудасынан 550 млн доллардан аса пайда көріп отыр. Ядролық бағдарламасына байланысты санкция астында қалған ел экономикасын мұнай шикізатынан түсетін табысқа тәуелділіктен құтқару үшін экономикасын барынша әртараптандырып жатқан ел. Яғни, тек мұнайын ғана емес, сонымен қатар, өзге де ресурстары мен активтерін пайдалануға көшіп жатыр. Бұрын да жазғанымыздай, Иран шафран, Дамаскі раушаны, асафетид, астрагал, трагакант, зере, т.б. пайдалы өсімдіктер экспорты бойынша әлемде көш бастап отыр. Сарапшылардың айтуынша, Иран аумағы, дәлірегі, Иранның табиғаты мен климаты дәрілік өсімдіктердің өсуіне мейлінше қолайлы 12 аймақтың біріне жатады. Соған қарамастан Иранның дәрілік өсімдіктердің әлемдік сауда-саттықтағы үлесі 1%-дан аспай отыр. Яғни, Иран бұл бағыттағы әлеуетін толық пайдаланып, игілігін көре алмай жатыр. Бұған қоса, Иран дәрілік өсімдіктерді тек шикізат күйінде ғана экспорттайды. Оларды өңдеп, дайын өнімге айналдыруға технологиясы жоқ. Шиғалар елінің орман-тоғай, ареал және су жинау басқармасы жөіндегі ұйым келтірген мәліметке қарағанда, Иран аумағында 2500 дәрілік өсімдік өсетініне қарамастан тек олардың 170 түріне ғана инвестиция тартылған. Парсы елінде дәрілік өсімдіктер өндірісімен 53 компания айналысады.  

0 пікір
Мұрағат