Азық-түлік бағасы қымбаттаған үстіне қымбаттап келеді
Азық-түлік бағасы қымбаттаған үстіне қымбаттап келеді
2 ай бұрын 698 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Alexey Belkin / news.ru / Globallookpress.com

Тоғыз негізгі тауарды қамтитын Bloomberg ауылшаруашылық баға индексі (Agriculture Spot Index) ай сайын шамамен жеті пайызға артып, 2022 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзінің сайтында келтірлген деректерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай баға құбылысы Бразилия, Вьетнам және Австралия, т.б. ел фермерлерінің қант, астық және кофе өндірісіне қауіп төндіретін су тасқыны мен төтенше құрғақ ауа-райымен күресіп жатқан кезде орын алғанын ескеру керек. Чикаго бидай фьючерстері (уағдаласылған тауарды белгілі бір мөлшерде келісілген бағамен көрсетілген кезеңде жеткізу жөніндегі келісімшарт. Фьючерстік шарт бойынша міндеттемелер барлық жағдайда дерлік нақты тауарды жеткізу жолымен емес, төлеу немесе бағадағы айырманы алу жолымен орындалады) қыркүйек айында экспорттаушы елдердегі қолайсыз ауа-райы жаһандық астық қорын тоғыз жылдағы ең төменгі деңгейге жақындатуы мүмкін деген қауіппен көтерілді. Соя фьючерстері екі жылдағы ең жоғары ай сайынғы баға өсімін жариялауы мүмкін, өйткені, соя өндірісінде жетекші ел - Бразилия бірнеше ондаған жылда болмаған құрғақшылықпен күресіп жатыр. Сонымен қатар, қант қамысы алқаптарында шыққан өртке байланысты аталмыш азық бағасының (фьючерсінің) 17 пайызға артуына ықпал етті. Арабика кофесінің бағасы 2011 жылдан бері ең жоғары деңгейге көтерілді. Арзанырақ Robusta кофесі де ауа-райының қолайсыздығынан зардап шекті және әжептәуір қымбаттады. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыс Азия елдерінде палма майының өндірісі азайып келеді. Бұған палма ағаштарының кәрі ағашқа айналғаны себеп болып отыр. Нәтижесінде фьючерстер бес айдағы ең жоғары деңгейге жеткен.

0 пікір
Мұрағат