Арабтардың энергетиткалық компаниялары қарыз алуды азайтып келеді
Арабтардың энергетиткалық компаниялары қарыз алуды азайтып келеді
6 жыл бұрын 2682 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Парсы шығанағындағы араб елдерінің энергетикалық компаниялары биылдан бастап қарыз алуды азайтқан. Бұған мұнай бағасының өсуі себеп болған. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Кувейттің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауияның, Оманның, Бахрейннің және Катардың мұнай мен газ өндіретін компаниялары, құбыр тартумен шұғылданатын операторлар және мұнай шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар соңғы 4 жыл ішінде тұңғыш рет қарыз алуда аз көрсеткішке қол жеткізген. Бар*-жоғы 6 млрд долларды кредит және облигация түрінде алған. Биыл. Жарты жылдың қорытындысы бойынша. Салыстырмалы түрде америкалық энергетикалық компанияларды алсақ, олардың қарызы биыл рекордтық деңгейге жеткен - 74,3 млрд доллар. Мұнай бағасының биыл 17%-ға өсуі Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесіне (GCC) түрлі өндіріс жобаларына қаржыны молынан құюға мүмкіндік беріп отыр. GCC құрамындағы, яғни, Саудиядағы, Кувейттегі және Біріккен Араб Әмірлігіндегі мұнай мен газ өндіретін Abu Dhabi National Oil Co (ADNOC) аса ірі мөлшерде, дәлірегі, 3 млрд доллар мөлшерінде кредит ретінде қарыз алған. Аталмыш компания  алдағы он жыл ішінде жүзеге асырылуы тиіс энергетикалық жобаларғы 600 млрд доллар бөліп отыр. Бұл жобалардың кейбіреуі қарызға алынған қаржы есебінен жүзеге асырылмақшы. Бұл, әсіресе, мұнай өңдеу саласына және мұнай-химия зауыттарына қатысты. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Парсы шығанағындағы араб елдерінің энергетикалық компаниялары алған қарыз мөлшері - 28,7 млрд долларға, яғни, рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Сөз орайы келгенде айта керек, мұның бәрін біз неге жіпке тізгендей етіп айтып отырмыз: ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо осы жылдың мамыр айының соңында мұнай саласына инвестицияны тартуды арттырмаса болмайтынын мәлімдеген еді. Өйткені, болашақта мұнай деген сұранысты қанағаттандыру әрі отын тапшылығын болдырмас үшін осы бастан қам жасалуы тиіс екенін тілге тиек еткен болатын. Десе де ұзақ мерзімді жобаларға тартылған инвестиция мөлшері тым аз. ОПЕК жетекшісінің айтуынша, 2040 жылға дейін мұнай секторындағы инвестиция шамамен 10,5 трлн долларға жетуі керек. Болашақтағы сұранысты қанағаттандыру үшін. Ал болашақтағы сұраныс тәулігіне 111 млн баррелден асатын болады. Әлем бойынша.

0 пікір
Мұрағат