Ақша кімнің қолында - билік тізгінін сол ұстайды
Ақша кімнің қолында - билік тізгінін сол ұстайды
3 жыл бұрын 1804 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдік қаржы нарығындағы негізгі ойыншылар – банктер мен халықаралық қаржы ұйымдары ресурсты бөлуде маңызды рөл ойнайды. Бұдан бөлек, олар кейде саяси процестерге араласып отырады. Бұл жайында islam.kz порталының шолу материалынан біле аласыздар. Банк ресурстарды бөлуге атсалысып (мәселен, депозиттегі жинақ ақшаны несиеге немесе қарызға береді, өсімқорлық (пайыз) арқылы табыс табады) қоймай, сонымен қатар, тауар-ақша айырбасына (төлемдер, аударымдар, т.б.) техникалық тұрғыдан қызмет көрсетеді. Осылайша экономиканың немесе қандай да бір сектордың дамуына ықпал ете отырып, өз талаптарын орындатады. Сол себепті, кез келген мемлекет әлемдік қаржы жүйесінде ықпал ету тетігіне қол созады – несиеден пайда көру немесе биліктің бір бөлігіне ие болуға ұмтылады. Бұл мақсатта экономикасы шағын еліміз бұл салада «Халықаралық қаржы орталығы» секілді амбициялық жобаларды жүзеге асыруға ден қойып отыр. Алайда, ғаламдық өсімқорлыққа негізделген жобаларда Қазақстанның үлесі жоқ. Бұған көз жеткізу үшін алысқа барудың қажеті шамалы. Бұл үшін әлемдегі ең ірі 100 банктің қай елде орналасқанына қарап бағамдай аласыз. Әлбетте, бұл тарапта экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қытай көш бастап тұр Әлемдегі ең ірі 100 банктің 18-і осы елдің аумағында. Одан кейінгі орында АҚШ – 12 банк, Жапония – 8 банк. Ұлыбритания мен Францияда – екеуінде де 6 банктен келеді; Германия, Канада және Испания – әрбіреуінде мұндай банктердің бесеуі бар. Швейцария – 2 банк. Тұтастай алғанда Еуропа одағы аумағында әлемдегі ең ірі 100 банктің 34-і орналасқан. Ал Қытайда, Жапонияда және Кореяда – 31 банк. Енді нақтырақ тоқталайық – банк активтері турасында айтамыз. Банктің активі неғұрлым мол болса, ол соғұрлым мол ресурсқа ие, несие беруден үлесі де мол, соған орай ықпалы да жоғары. Бүгінгі таңда әлемдегі ең ірі банк - "Industrial and Commercial Bank of China» қытай банкі (актив мқлшері – 4 трлн. 322 млрд доллар); Әлемдегі ең ірі 20 банктің жалпы актив мқлшері – 48 трлн. 230 млрд долларды құрайды. Бұл көрсеткіш әлемдік жалпы ішкі өнімнің жартысынан көп. Қытай банктерінің жалпы жиынтық активі – 15 трлн. 229 млрд доллар. Жоғарыда сөз болған Industrial and Commercial Bank of China банксінен (активі - 4 трлн. 322 млрд. доллар) бөлек, China Construction Bank Corporation (активі - 3 трлн. 822 млрд. доллар), Agricultural Bank of China (активі - 3 трлн. 698 млрд. доллар) және Bank of China ltd (активі - 3 трлн. 387 млрд.доллар). Ал Америкалық банктердің жиынтық активі - 9 трлн. 572 млрд. доллар. Соның ішінде JPMorgan Chase (активі - 3 трлн. 139 млрд. доллар), Bank of America (активі - 2 трлн. 620 млрд. доллар), Citigroup (активі - 1 трлн. 917 млрд. доллар) және Wells Fargo & Co (активі - 1 трлн. 896 млрд. доллар). Жапон банктерінің жиынтық активі - 8 трлн. 490 млрд. доллар. Соның ішінде Mitsubishi UFJ Financial Group (активі - 2 трлн. 893 млрд. доллар), Japan Post Bank (активі - 1 трлн. 911 млрд. доллар), Sumitomo Mitsui Financial Group (активі - 1 трлн. 848 млрд. доллар) және Mizuho Financial Group (активі - 1 трлн. 838 млрд. доллар). Еуропадағы юанк саласында Францияның алдына түскен ел жоқ. Кәрі құрлықтағы аталған ел Қытай, АҚШ және Жапония банктерінен кейінгі орында тұр; елдегі аса ірі банктердің иынтық активі – 7 трлн. 362 млрд доллар. Соның ішінде BNP Paribas (активі - 2 трлн. 430 млрд. доллар), Crédit Agricole (активі - 1 трлн. 984 млрд. доллар), Societe Generale (активі - 1 трлн. 485 млрд. доллар), Groupe BPCE (активы - 1 трлн. 463 млрд. доллар); Ұлыбританияға келсек, HSBC Holdings plc (активі - 2 трлн. 918 млрд. доллар) және Barclays Plc (активі - 1 трлн. 444 млрд. доллар); Германиядағы Deutsche Bank (активі - 1 трлн. 544 млрд. доллар); Испанияның Banko Santander қаржы мекемесі (активі - 1 трлн. 671 млрд. доллар). Ал Ресей Федерациясындағы ең ірі банк – Сбербанк (ағымдағы айырбас бағамына шаққанда активі – 410 млрд доллардан аспайды.

Ескерту: бұл шолу материалындағы деректер өткен жылдың (2020 ж.) қорытындысынан алынды 

0 пікір
Мұрағат