Ақ пен қара: алма-кезек дүние
Ақ пен қара: алма-кезек дүние
6 жыл бұрын 4840 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Африка Республикасы президенті Сирил Рамафоза «жерді қайта бөлу» жоспары жарияланғалы бері сол елдегі ақ нәсілді фермерлерден маза қашты. Sky News ақпарат көзі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, ақ нәсілді фермерлер өзін, отбасын, жерін, үй-жайын қорғау үшін қорғанудан израилдік шеберлерді жалдап жатыр. Аталған елдің басшысы ақ нәсілділерге тиесілі жерді кедей қара нәсілді фермерлерге бөліп беретінін мәлімдеген болатын. Тіпті, ақ нәсілді фермелерге өтемақы да төлемейді. Оның бұл жоспары 1990-шы жалдары көрші жатқан Зимбабведегі жағдайды еске түсірген еді. Зимбабведегі бұл бастаманың ақыры елді ауыр дағдарысқа ұрындырған болатын. Десе де тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қолға алынып жатқан бұл шара байырғы тұрғындардың өз жеріне ие болуына мүмкіндік тудырмақ. Келімсектер (ақ нәсілді фермерлер) аталмыш ел аумағында азшылықты құрағанымен, олар ауыл шаруашылығына жарамды, ең шұрайлы әрі ең құнарлы жердің 70%-дан астамына ие болып отыр. Осы елдегі ақ нәсілділердің құқығын қорғаумен шұғылданатын AfriForum үкіметтік емес ұйымның өкілі  Иан Кэмеронның мәліметі бойынша өткен жылы ел аумағында ақ нәсілділерден 74 адам кісі қолынан қаза тауып, негізінен ақ нәсілді фермерлерге 638 шабуыл жасалған. Бұл елдегі ақ нәсілді фермелердің алдында екі-ақ жол тұр: бәрін тастап, тарихи отанына оралу немесе аяғына дейін күресу. Олар күресуге бел буып отыр: басында айтып кеткеніміздей, олар израилдік мамандарды жалдап, ұрыстың, соның ішінде қоян-қолтық жеке-жекпектің түрлі тәсілдерін, сондай-ақ, қару сұтау, мылтық атуды меңгеріп жатыр. Жаттығуды бұрынғы израилдік арнайы жасақ қызметкері Идан Абольниктің өзі жүргізуде. Израилдік жаттықтырушының екі аптаға созылатын қарқынды курсы шамамен 20 мың ранд (1,5 мың доллар) тұрады. Бұл жаттығу барысында ақ нәсілді фермерлер Израилде жасалған қоян-қолтық ұрыстың әскери жүйесіне - крав-маганы игеріп шығады. Құқық қорғаушылар аталмыш ел билігінің бұл бастамасын нәсілдік кемсітушілікке балап, конституцияға қайшы екенін айтып, дабыл қағып, сынға алып жатқанымен, кейбіреулер «тарихи теңсіздікті» жоюға бағытталған қадам екенін айтып жатыр. Оңтүстік Африка Республикасының билігі мұнымен ғана шектеліп қалмай, кадр іріктеу мен тағайындауда да байырғы халық өкілдеріне басымдық беріп отыр. Биыл ординаторлық бағдарламаны ұлғайтуды жоспарлап, соған орай жұмыс орнын 314-тен 414-ке дейің көбейтпек. Мұнда да жаңа 100 позиция тек қара нәсілді кандидаттарға белніленіп отыр. Осылайша отарсыздану (деколонизация) процесіне жол ашпақ.

0 пікір
Мұрағат