Әлемге әйгілі қытай компаниясы Саудия экономикасын цифрландыруға кіріседі
Әлемге әйгілі қытай компаниясы Саудия экономикасын цифрландыруға кіріседі
2 жыл бұрын 1344 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Huawei компаниясы Саудияның бұлтты жүйесін (Бұлтты технология туралы ұғым анықтамасы төменде берілген – ред.) құруға 400 млн доллар мөлшерінде инвестиция құятынын  Саудияда өткен LEAP 2023 ақпараттық-коммуникация технологиясының көрмесінде жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инвестиция Сауд Арабиясының цифрлық экономикасын ілгерілетуге және үкіметтік, корпоративтік және жеке тұлғалар үшін заманауи және қауіпсіз бұлттық қызметтерге қол жеткізуге бағытталған. Аталмыш компанияның мәліметінше, Huawei Cloud-тың қызметін қазіргі уақытта әлемнің 170-тен астам елі пайдаланады.

Бұлтты технология дегеніміз не?

Бұлтты технология — қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.[1]

Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы - тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.

Пайдаланудың тиімді жақтары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;
  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;
  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;
  • Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;
  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;
  • Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;
  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады. 

Дерек көзі: Уикипедия элнетронды энциклопедиясы

0 пікір
Мұрағат