Әлемдегі қарттардың қақ жартысы зейнетақы алмайтын күн...
Әлемдегі қарттардың қақ жартысы зейнетақы алмайтын күн...
6 жыл бұрын 3794 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл әлем тұрғындарының саны 7,7 млрд адамға жеткен. 2050 жылы 9,7 млрд адамға жетеді. Ал осы ғасырдың соңында шамамен 11 млрд адамды құрайтын болады. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында айтылған. Адамзат санының өсуі өз кезегінде қартаю процесімен қатар жүруде. Керісінше туу көрсеткіші азайып, урбанизация қарқын алған. Қазіргі уақытта бір әйелге шаққанда туу көрсеткіші 2,5 баладан келеді. Ал 2030 жылы бұл көрсеткіш бір әйелге 2,4 баладан "айналмақ". Болжам бойынша 2050 жылдары адамзаттың 70%-нан астамы туу көрсеткіші өте төмен елдерде тұратын болады. Яғни, адамзат санының көбеюі мен белгілі бір орындарда шоғырлануы әрі қарт адамдар қарасының артуы мен урбанизация - қысқасы, демографиялық өзгерістер экология мен қопшаған ортаға үлкен салмақ салмақ. Бұдан бөлек, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың қордалануына алып келмек. 1994-2019 жылдар аралығында әлем бойынша бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім деңгейі 54%-ға кеміген. Өмір сүру ұзақтығы 1994 жылы 64,9 жастан 2019 жылы 72,3 жасқа дейін ұзарған. 2030 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артады. Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан қарттар қарасы да шапшаң өсіп келеді. Жасы 65-тен асқан қарттар қарасы кәрі құрлықта 19%, Солтүстік Америкада - 16%. Азияда, Латын Америкасында және Кариб бассейнінде жасы 65-тен асқан қарттар қарасы 8%-дан (қазіргі уақытта) 2050 жылға дейін 18%-ға артатын болады. Ал жастар көп Африка құрлығында қарттар үлесі 2050 жылдары әлем қарттарының санына шаққанда 9%-ды құрайтын болады. 2050 жылдары әлемдегі қарттардың қақ жартысы зейнетақы алмайтын болады. 

0 пікір
Мұрағат