«Әлемде тұңғыш рет халал мемлекет пайда болады»...
«Әлемде тұңғыш рет халал мемлекет пайда болады»...
3 жыл бұрын 2547 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен аптаның соңына таман, дәлірегі, сенбіде Индонезия билігі халал сертификатының жаңа белгісін бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлбетте, тұтас мемлекетке халал ұғымын таңу шартты нәрсе, өйткені, тарихи алғышарты Арбия түбегінде қалыптасқандықтан әрі харам істерге басы бүтін тыйым салынған Саудияны есептемегенде шариғат талаптарын толық басшылыққа алатын елдер қарасы санаулы. Индонезия халықаралық халал стандарттарын елдің барлық саласына енгізуге талпыныс жасап келе мемлекет ретінде нақты шараларды қолға алып жатыр – халал кластерден бастап, өмір сүру салтына дейін. Осыған орай бүгінгі таңда мұсылман саны бойынша көш бастаған аталған ел аумағында Индонезияның ғұламалар кеңесі қабылдаған MUI логотипі мемлекеттік реттеуші орган тарапынан жарамсыз деп танылады. Индонезияның дін істері жөніндегі министрі Жақұт Шолил Құмас Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында аталған елде заң жүзінде халал сертифкатымен қоғамдық ұйым емес, үкімет айналысатынын жария етті. Осылайша оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылман еліндегі бұл елеусіз шара өндірушілер мен тұтынушыларды халал режиміне біртіндеп толық көшірудің алғашқы қадамы ретінде бағалауға болады. BPJPH жетекшісі Мұхаммед Акил Ирхам жаңа логоиптің наурыз айының 1-нен бастап қолданысқа енгенін мәлімдеді. Осы орайда 2014 жылдың қазан айының 17-і күні Жокоби билігі жаңа халал режимінің құқықтық негізін қалау үшін шариғат талаптарына сай дайындалатын өнімдерге кепілдік беру туралы заңды қабылдағанын айта кетпекпіз. 2019 жылы екінші мерзімді ұтып алғаннан кейін билік елдегі мал сою процесіне, сусын және тағам өндірісіне халал сертифкатын міндеттейтін 5 жылдық кезеңін енгізді. 2024 жылдың қазан айының 17-нен кейін елдегі барлық сусын түрлері мен тағам өнімдері, мал және құс еті 2014 жылңы заң талаптарына сай болуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат