Әлем жүздеген миллион жұмыс орындарының тапшылығына тап болды
Әлем жүздеген миллион жұмыс орындарының тапшылығына тап болды
2 жыл бұрын 1171 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен 2022 жылы әлем бойынша 473 млн жұмыс орнының тапшылығы байқалған. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен, дәлірегі, 2019 жылғымен салыстырғанда 33 млн жұмыс орнына көп. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) сарапшылары әзірлеген баяндамада келтірілген дерекке (ilo.org сайтын қараңыз – ред.) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл - ресми жұмыссыздарды ғана емес, сонымен қатар, жұмысқа орналасқысы келгенімен жеке басының және отбасылық жағдайларға, еңбек нарығындағы ахуалға және қайта даярлау мүмкіндігінің жоқтығына байланысты белсенді түрде іздей алмайтындарды қамтитын жаңа көрсеткіш. Жалпы 473 миллионның 205 миллионы жұмыссыздар. 2023 жылы бұл көрсеткіш үш миллион адамға артуы мүмкін, ал жаһандық экономиканың құлдырауына байланысты жаһандық жұмыспен қамтудың өсуі 2022 жылғы екі пайыздан 2023 жылы бір пайызға дейін екі есе баяулайды. Мұндай тенденциялар адамдарға жалақысы төмен жұмыстарға амалсыздың күнінен тұруға және уақытының көбін жұмыс орнында өткізуге мәжбүр етеді. Бұл жайт өз кезегінде жаһандық теңсіздікті күшейтеді. Күллі әлем бойынша жұмыссыздар саны 2019 жылмен салыстырғанда әлі де 16 миллионға көп. Нәтижесінде жұмыспен қамту деңгейі кем дегенде 2025 жылға дейін пандемияға дейінгі деңгейге оралмайды, деді ХЕҰ зерттеулер департаментінің директоры Ричард Саманс. Ең сорақысы – жұмыссыздар арасында, дәлірегі, еңбек нарығында әйелдер мен жастардың жағдайы сын кқтермейді: әрбір жұмыссыз ер адамға екі әйелден келеді, ал әлемдегі жастардың төрттен біріне жуығы жұмыс істемейді және оқымайды. Бұған қоса, алдағы жылы номиналды (атаулы) жалақы мөлшері инфляцияның күрт өсуіне төтеп бере алмайды, ал бұл жайт өз кезегінде өмір сүру деңгейінің төмендеуіне және кедейлер санының өсуіне әкеледі. Жаһандық еңбек нарығындағы жағдайдың нашарлауының негізгі себептеріне жалпы геосаяси шиеленіс, Украинадағы әскери қақтығыс, пандемиядан кейін елдердің экономикасының біркелкі қалпына келмеуі және жаһандық жабдықтау тізбегін қайта құрылымдаудағы қиындықтар жатады.

Ұқсас материал:

«Биыл әлем бойынша жұмыссыздар саны антирекорд орнатады» (https://islam.kz/kk/news/alem/biyl-alem-boiynsha-jumyssyzdar-sany-antirekord-ornatady-18010/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат