Алдағы 30 жылда ішкі миграция қарқын алады. Себебі...
Алдағы 30 жылда ішкі миграция қарқын алады. Себебі...
7 жыл бұрын 6220 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынуға байланысты климаттың өзгеруінен әлемнің барлық елі ішкі миграция мәселесімен және оның салдарымен бетпе-бет келеді. Бұл жағымсыз әлеуметтік құбылыстың алдын алу үшін әлем елдерінің билігі осы бастан қам жасап, дайын болуы тиіс. Бұл жайында дүниежүзілік банк сарапшылары мәлім етті. «Жақындап келе жатқан дауыл: климаттың өзгеруі ішкі көші-қонға қалай әсер етеді?» деп аталатын зерттеу мәтіні аталған әлемдік қаржы ұйымының сайтында жарияланған. Ішкі көші-қонның (тұрғындар климаты жайлы елдерге, ал жағдайы жоқтар елдің тіршілік етуге қолайлы аймағына ағылады) негізгі себебі климаттың ақырын өзгеруі, ауызсу тапшылығы, құрғақшылық, табиғи апаттар, азық-түліктің жетіспеушілігі жатады. Сарапшылар бұл бағыттағы ең қауіпті аймақтарға Сахара шөлінің оңтүстігінде жатқан Африка құрлығындағы елдерді, Азияның оңтүстігін және Латын Америкасын жатқызып отыр. Бұл аталған аймақтарда әзірдің өзінде климаттың өзгеруінен адамдардың миграциясы басталып кеткен. Бүкіл әлемдегі адамзаттың 55%-ы осы аталған аймақтарды тұратынын ескерсек, мигация күрделі испат алайын деп тұр. Егер әлемдік қауымдастық бұл проблемаға жіті назар аудармаса, 2050 жылға қарай Африка елдерінен шамамен 86 млн адам, Азияның оңтүстігіндегі елдерден 40 млн адам, ал Латын Америка елдерінен 17 млн адам өзі тұры жатқан жерінен басқа жаққа қоныс аударатын болады. Ең кедей тұрғындар үлкен қалалар мен аудандарға жаппай  ағылатын болады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін немесе мұндай жағдай орын алғанда мемлекет басшылары не істеуі керек немесе қандай шараларды қолғаны алғаны жөн? Мұндай миграцияның жағымсыз салдарын жоюға парникті газдың бөлінуін азайтатын шаралар, арнайы инвестиция тарту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, трансшекаралық өзен суларын әділ бөлу, т.б. шаралар көмектеседі. Сондай-ақ, мигранттарға жаңа орындарға бейімдеу, нақтырақ айтқанда, жұмысқа орналастыру, баспана тауып беру, заңмен қорғау, т.б. шаралары да маңызды. Ол ол ма, ішкі миграцияны оңтайлы пайдаланудың жолдарын қарастырып, кей аймақтардың экономикасын жандандыруға болады.

0 пікір
Мұрағат