Ағашты кесуге жарияланған моратория жойылды
Ағашты кесуге жарияланған моратория жойылды
1 жыл бұрын 899 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Baz Ratner / Reuters

Орман алқабын ұлғайтуда ағаш кесуге моратория жариялау ең тиімді шара ретінде алға шығады. Африка құрлығындағы Кения мемлекеті ағаш кесуге жарияланған мораторияны жойды. Тиісті жарлыққа аталған ел президенті Уилиам Руто қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы  Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, ашкөздік пен өзге де антропогендік факторлардан орманды заңсыз отау фактілері жиілеп кеткен. Ағашқа деген қажеттілік (қағаз өндірісі, құрылыс, т.б.) пен өзге де факторлар (жайылым мен егістік алқабын ұлғайту) мұндай шараны белгілі бір мерзіммен ғана шектеуге итермелейді. Кенияда бұл моратория бес жылғы созылды. Осы аралықта ел аумағындағы орман-тоғай алқабы бес пайызға ұлғайған. Мораторияны жою арқылы ағаш өңдеу өнеркәсібінің жұмысын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Десе де Кения билігінің бұл қадамына экологтер наразылық білдіріп отыр. Бұрын Кения билігі жеті жыл ішінде 15 млрд ағаш отырғызуды жоспарлаған болатын. Үкімет бұл шара өз кезегінде 10,6 миллион гектар тозған жерді қалпына келтіруге және орман  аумағын ел аумағының 30 пайызына дейін ұлғайтуға әкеледі деп есептейді. Алайда, Найробидегі экологиялық кеңесші Намени Даниел Набуридің айтуынша, мораторийдің жойылуымен елде заңсыз ағаш кесу артып, биоалуандылыққа залал келеді. 2021 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттық саммитінде ормандарды қорғау жөніндегі жаһандық міндеттеме қабылданды. 145 ел осы он жылдың соңына дейін орман-тоғайды отауды тоқтатуға уәде берген еді. Алайда, бұшш уәде сөз күйінде қалатын түрі бар. Өйткені, ағашқа деген түрлі зәрулік бар. Мәселен, Индонезия палма майына қатысты мораторидің мерзімі 2021 жылдың қыркүйек айында аяқталғаннан бері ұзартқан жоқ. Осылайша оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған ел аумағындағы тропикалық орманның оталуына әкеп соқтырады. 2021 жылы күллі әлем бойынша 7 млн гектар орман оталған болатын.

0 пікір
Мұрағат