Адамзатты төніп келе жатқан апаттан құтқару үшін бай елдер жылына 700 млрд доллар бөлуі тиіс
Адамзатты төніп келе жатқан апаттан құтқару үшін бай елдер жылына 700 млрд доллар бөлуі тиіс
3 жыл бұрын 1547 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Fernando Vergara / AP

Халықаралқ табиғатты қорғау ұйымы дамыған елдерден биологиялық әр алуандылықты сақтау үшін бөлетін қаржыны ұлғайтуды сұрап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Eco Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың келтірген дерегіне қарағанда, әлемдік сауда-саттық биологиялық түрлерге орасан зор залал келтіруде. Экологтардың есебі бойынша дамыған елдер бұл тығырықтан шығу үшін жыл сайын 60 млрд доллар бөліп отыруы тиіс. Дәлірегі, бұл қаражат құрып бара жатқан флора мен фауна түрлерін сақтап қалу үшін керек. 2019 жылғы мәліметке сай миллиондаған өсімдік пен құс түрі таяу болашақта жойылады. Ресурс үшін табиғатқа зиян келтіруді білгенмен оның орнын толтыруды да ұмытпау керектігін ескертті BirdLife International құстарды қорғау жөніндегі хлықаралық ұйым жетекшісі Патрисия Зурита. Биологиялық әр алуандылықты сақтауға қанша қаражат кететінін Сидней университетінің профессоры Манфред Ленцен есептеп шығарған болатын. Оның пайымдауынша, биологиялық әр алуандылыққа төніп тұрған қауіп-қатердің 30 пайызы халықаралық сауда-саттыққа «тиеслі». Яғни, жыл сайын табиғатқа келген залалдың орнын толтырып, қалпына келтіру үшін жыл сайын 700 млрд доллар қажет көрінеді. WWF International ұйымының бас директоры Марко Ламбертини бұл қаражатты дамыған елдер өзара бөлісіп төлесе 60 млрд доллардан айналады. «Бұл – биологиялық әр алуандылық үшін салынатын салық емес, бұл – экологиялық жүйенің бай биологиялық түрлері ұсынатын қызметке арналған инвестиция»,- деп мәлімдеді ол.

0 пікір
Мұрағат