Адамзат жылына екі млрд тоннадай азық-түлікті қоқысқа тастайды
Адамзат жылына екі млрд тоннадай азық-түлікті қоқысқа тастайды
11 ай бұрын 710 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар әлем бойынша (121 мемлекет қамтылған) ысырапшылдықтың жаһандық деректер базасын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы nplus1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі әлем бойынша 2004-2014 жылдар аралығында қоқысқа тасталған азық-түлік 24%-ға өсіп, жылына 1,92 миллиард тоннаға жеткенін анықтады. Табысы төмен елдерде ысыраптың дені өндіріс тізбегінің басында орын алады: азық-түлікті сақтайға арналған тоңазытқыш жабдықтар жетіспейді және көптеген өнімдер фермада көп уақыт өтпей тұтынуға жарамсыз болып қалады. Дамыған елдерде негізгі ысырап артық тұтыну есебінен болады, дәлірегі, қажетінен тыс шамада үйіп-төгіп алады да кәдеге жаратылмай қалады, сосын қоқысқа тасталады. Мысалы, Солтүстік Америкада, Австралияда және Жаңа Зеландияда әр адам күн сайын 1560 килокалорияны ысырап етеді. Ауылшаруашылық жері мен су ресурстарының 20%-ға жуығы азық-түлік өндірісімен байланысты болғандықтан осынша ресурс ысырап болады. Осының кесірінен атмосфераға 1,8 миллиард тонна көмірқышқыл газы бөлінеді. 

0 пікір
Мұрағат