"Әлеуметтік желілер" және "цифрлық трансформация" тақырыбы төңірегінде академиялық зерттеулер жүргізген «Йылдыз» техникалық униферситетінің мұғалімі Доктор Мұрат Дағытмачпен бірге «Әулеуметтік желінің өмірімізге бергені мен алғаны» тақырыбы айналасында болған түрікше сұхбатты қазақ тіліне аударып, islam.kz сайтының оқырмандарына ұсынып отырмыз. М. Дағытмачтың пікірінше, қазіргі таңда Крест жорықтары цифрлық ортада жалғасын табуда...
- Әлеуметтік желілер қоғамда қандай өзгерістерге жол ашты?
- Әулеметтік желісі 2010 жылдан бастап өмірімізге белсенділікпен кіре бастады. Ашық айтқанда, бұл тақырыпқа байланысты «оңды» нәрселер айта алмаймын. Көбінесе олар біздің өмірімізге зиян боп кірді. Тәрбиелік жөнінен болсын, діни тұрғыда болсын, отбасылық, тағлымдық т.б. көптеген жөнінен алғанда, әлеуметтік желінің тигізер пайдалы тұсы онша болмады. Мүмкін, пайдалы тұсы ретінде сауда-саттықтың дамуына қосқан үлесін айтсақ болатын шығар.
- Әлеуметтік желінің өміріміздегі "құпиялы қалуы тиіс" тұстарының ашылуында рөлі бар ма?
- О баста әлеуметтік желілері өмірімізге бейкүнә кейпінде кірді. Алғашқыда әлеуметтік желілердің көмегімен мектепте бірге оқыған достарымызды таптық, алыс туыстарымызбен байланыс құра бастадық, бір-бірімізге қайырлы жұмалар тілегін жолдадық, шексіз түрде комментариялар мен постар жаздық. Алыс туыстарымыз көрсін деп отбасымыздың суреттерін бөлістік, отбасымызбен жасаған пикниктеріміздің суретін бөлістік, тойымызды бөлістік. Достарымыздың басқан лүпілдері, комментарийлері бізді «нарциссизмнің» шегарасына дейін апарды. Отбасылық мәселелерімізді немесе жолдастарымызбен өз пролбемаларымызды бөлісіп (солар ғана оқитындай) оларға хабарламалар жолдадық. Осылайша, жеке өміріміздің сырлары, отбасымыздың, достарымыздың сырлары ортаға құйыла берді. Танымайтын біреуге: «Отбасыңыздың бірінің суретін көрсетесіз бе?» деп сұрасаңыз ол жақтыра қоймайды, мысалы. Бірақ, сол адам өзінің әйелінің, бала-шағаларының суреттерін әлеуметтік желілерге бөлісуден тартынбайды.
- Әлеуметтік желілермен бірге туып, өсіп, жетіліп жатқан жас балалардың зейіні мен пікірлері қандай күйде?
- Біз мұндай жаңа буынға «цифрлы ұрпақ» дейміз. Қазіргі жаңа дүние – солардың дүниесі. Олар жергілікті. Біз – көшпендіміз. Олардың сөйлейтін тілдері бөлек (смайликтер), олардың түсініктері, тәлімдері, ойнайтын ойындары түгелдей өзгеруде. Бүгінде, мұғалімдер оқушылармен, ал ата-ана балаларымен бір тілде сөйлесуден қалды. Балалар ата-аналарының орнына немесе оқушылар мұғалімдердің орнына «ютуб» немесе «инстаграм» феномендерін (атақтыларын) тыңдайды, соларды үлгі тұтады. Бірақ, сол үлгі тұтып жүргендердің біразын зерттеп қарасаңыз, көпшілігінің рухани, психологиялық ақаулықтары барын байқайсыз.
- Бұл құбылыс, глобалды мәдениет соғысында қалай қолданылуда?
- Анадолы мәдениетінде (яғни, түркі мәдениетінде–ауд.) отбасы – ең маңызды ірге тас болып саналады. Бүгінде отбасы байланысы әлсіреген. Бір шаңырақта тұрып жатса да отбасы мүшелері әлеуметтік желілердің көмегімен басқа дүниелерде кезіп жүреді. Бұдан кейін төл дініміздің де қадірі кете бастаған. Біздер желілерде бөліскен жұма құттықтаулары, мейрам құттықтаулары, көңіл айтулар арқылы діни міндеттемелерді өтеп жатырмыз деп ойлай бастадық. Вацап арқылы хат немесе ғибрат-хикая әңгімелерін жіберу арқылы «Әмір мәъруф» (жақсылыққа шақыру), нәһи аниль мүнкәр» (жамандықтан тыю) міндетін орындап жатырмыз деп ойлайтын болдық. Тоқ етерін айтқанда, крест жорықтары бүгінде цифрлық алаңда жалғасын тауып жатыр.
- Әр нәрсемізді аңдып, әр басқан қадамымызды бақылауда. Мұндағы түпкі мақсат не? Қай жерге дейін бармақ?
- Жарнамашылардың мынадай атақты сөзі бар: «Егер, тегін бір нәрсе қолданып жатқан болсаңыз, демек оның өтемі өзіңіз». Мәселен, ең бірінші ақылымызға Whatsapp желісі келеді. Бұл бағдарламаны жүктеу кезінде ақша бермедік. Ішінде көрсетіліп жатқан жарнама жоқ. Олай болса, оны жасап шығарушылар бұл бағдарламаны адамзатқа пайдасы тисін деп шығарған ба? Кейінірек оны Марк Цукерберг 19 миллиард доллар беріп сатып алды. Еш нәрсе кездейсоқтық емес. Қазіргі таңда Whatsapp арқылы бүкіл адам баласының мәліметтері жинақталып жатыр. Келешекте олардың бәрін сол адамдарға қарсы қолдану үшін жоспар жасалуда. Осыған қатысты атақты футурологтардың бірі Ray Kurzweil былай деген:
«Адамзат 1.0 (деген) – Тәңірдің жаратқан әлемі бар еді. Ол әлемде қателік бар, жаңылысқандық бар, өлім бар, қайғы бар. (Енді) Адамзат 2.0 (деген) – біздің жаратқан әлеміміз болады. Ол әлемде қателік жоқ, жаңылысу жоқ, өлім жоқ. Ол әлемде тек жақсылық болады» - дейді ол. Оның бұл сөзінен де мақсаттары не екенін түсіне беруге болады.
- Whatsapp сияқты байланыс құралдарында құпиялы нәрселерді әшкере ету мәселелері бар ма?
- Жоғарыда айтып өткенімдей, еш нәрсе жасырын емес. Жасырын нәрсе жоқ. Әр нәрсе және барлық нәрсе сақталып, жазылуда. Жіберілген суреттер мен видеоларды қосқанда барлық нәрсе бақылау үстінде. Олар қазіргі таңда Түркиядағы отбасы құрамы, олардың өзара мәмілелері т.б. соған байланысты көптеген деректерге ие. Олардың қолдарында бар ақпарлар біздің өкіметтің өзінде жоқ екендігін сенімді түрде айта аламын.
- Цифрлық шақта адам түйсігін басқару ісі қалай жүзеге асып жатыр?
- Әлеуметтік желіні қолданған кезде, біз негізі өзімізді танытудамыз. Тіпті еш нәрсені бөліспесеңіз де, сіздің басқан лүпіліңізден анализ жасай береді. Мысалы, егер мен сіздің қажеттілігіңізді, нені жақсы көріп, нені ұнатпайтыныңызды білсем, сізге қалаған өнімімді сата аламын, сізді қалағанымша икемдей аламын.
- Цифрлану құбылысы осы қарқынмен жалғаса берсе, болашақ қандай пішінде болмақ?
- Цифрлану құбылысы Сіз ойлағаннан да тез дамитындығына күмәніңіз болмасын. Өткен мың жылда орын алған технологиялық даму жылдамдығы – алдағы 20 жылдың өзінде-ақ бой көрсетеді. Соғыс стратегиялары, экономикалық дамулар, мәдениеттіліктің пішіні, мамандықтар т.б. көптеген мәселелер тез өзгеріске ұшырайтын болады. Бұдан былай балаларымызға жұмсайтын қалта ақшаларының өзін цифрлық ақша күйінше беретін боламыз. Соғыстарда әскерлер емес, дрондар қолданылатын болады. Оқу орындары бұдан былай қашықтан оқыту системасына көшетін болады (автордың бұл сөздері пандемиядан бұрын айтылған-ауд.).
Осыдан 15 жыл бұрын "мүлдем істемеспіз" деп жүрген нәрселерді, қазір жасап жатқанымызды назарға алсақ, 15-20 жылдан кейін нелер жасалатындығын ойлаудың өзі мүмкін емес.
- Жасанды интеллект іс-шараларының адамзатқа берері мен алары не?
- Бүкіл технологиялық жетістіктердегідей, жасанды интеллектінің де тек жақсы жағы насихатталып жатады. Бірақ басқарылмайтын бір туынды адамзат үшін үлкен бір қауіп. Жаңа технологиялардың көмегімен бүкіл деректерге «бұлт жүйесі» арқылы қол жеткізетін бір құрылым – міндетті түрде адамзат үшін қауіп тудырары хақ. Мұның кейбір мысалдарына куә болудамыз.
- Цифрлық қауіп-қатерлерге қарсы өкімет, отбасы және қоғамдық ұйымдар қандай алдын алу шараларын жүргізгендері дұрыс?
- Әрине, ең бастысы, пәнаралық зерттеулерге баса назар аударылу керек. Президенттің құрамына кіретін цифрлық трансформация кеңсесі бұл мәселені өз бақылауына алып, барлық министрліктерге жол картасын жасауы керек. Diyanet-ті (Түркия Діни басқармасы) цифрлық технологияларды жақсы білетін адамдармен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, біздің мұғалімдер мен отбасыларға цифрлық технологияларды жақсы меңгеруге көмектесетін зерттеулер жүргізу керек. Бағдарламаны жасақтаушы программистер, инженерлер және әлеуметтанушылар, психологтар мен коммуникаторлар бірлесіп жұмыс істеулері керек. Біздің жастарға ықпал ететін және оларға бағыт-бағдар беріп отыратын барлық институттар ортақ құндылықта ұштасулары ләзім. Сандық медиаға біздің мәдениетіміз бен дінімізге сәйкес келетін сапалы мазмұн жасалуы керек.
Сұхбатты түрік тілінен аударған: islam.kz.
Сұхбаттың түпнұсқасы: "Haçlı Seferleri dijital ortamda devam ediyor".
(Крест жорығы цифрлық ортада жалғасын табуда).
Дереккөз: "yeniakit.com.tr" сайты, 31.12.2018 жыл.