Бал арасының өнері
Бал арасының өнері
9 жыл бұрын 5219

Бал арасы дем алмастан үздіксіз еңбектенеді. Күніне жиырма мың гүлге қонады. Өмірінде 2 000 000 шақырымдық жол жүреді. Әрі осы машақатты еңбектің нәтижесі ретінде бал сияқты тәтті азықты бізге ұсынады.

Егер осы бір улы жәндік Алла өзі міндет берген қызметкер болмаса әрі бал жасау өнерін Алла өзі үйретпеген болса:

1 - Онда кім үйретті? Бүкіл адамдар жиналса, бір грамын да жасай алмайтын балды осы жәндік қалай жасайды? Жоқ әлде ол бізден де ақылды ма?

2 - Араның тек бал жасауды білуі ғана жеткілікті емес. Өйткені осы істе тек балды ғана ойламауда. Өйткені бал адамға пайдалы етіліп жаратылған. Ендеше, балды жасаушының адамнан хабардар болуы және дене болмысын білуі тиіс. Шынтуайтында арада бұндай ілім жоқ.

3 - Балды жасап адамдарға жегізу, рақымын, мейірім мен жанашырлықтың бір белгісі. Анығында араның бізге деген мейірімі де, жанашырлығы да жоқ. Бұған дәлел мүмкіндік тапқанда, улы инесімен бізді шағуы. Ендеше, бізге мейірім көрсетіп, жанашырлық танытып отырған кім?

4 - Ара гүлдердің ұрықтануында да үлкен міндет атқаруда. Гүл тозаңын бір гүлден басқа бір гүлге жеткізіп, ұрықтануына жол ашады. Бір гүлге қонғанда, жабысқақ әрі жиі түктеріне гүл шаңдары жабысады. Содан кейін сол түрдің басқасына қонып, гүлдің тозаңын соған жұқтырады. Осы міндеттің орындалуында қызық көрініс байқалады.

Ол былай: бал арасы, айталық, ең әуелі бір гүлге қонса, сол маңайдағы гүлдер біткенге дейін басқа түрге қонбайды. Бұның себебі мынау: егер түрлі гүлдерге қонса, гүл тозаңы түрлі түрлерге тасымалданатындықтан, ұрықтану жүзеге аспайды, онда гүлдердің ғұмыры жалғаспас еді. Ал бал арасы гүлдерді қалай таниды? Гүлдердің ұрпақ жалғастыруы үшін осы бір ауыр саяхатқа неліктен шығады? Тозаңдандыру міндетіне сай келетін түктерді бойына кім орналастырды?

5 - Бал арасының кішкентай ғана қарнында балды пісіру және мүшелерді қоздыру күшіне ие уға жұқтырмау секілді ғажап істі жасаушы Алладан басқа кім болуы мүмкін?

0 пікір